Меню

Страницы

Статья

Бос тұрған «Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына конкурс жариялау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Бос тұрған «Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына конкурс жариялау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Талас ауданы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссия «Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры                     (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның атауы: «Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Санаты

Еңбек ақы көлемі

(Қызмет атқарған жылдарына қарай)

теңгеден

теңгеге дейін

А1-3

254 201

308 211

 

Орналасқан жері: 080800, Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі №26-1 үй, тел.:6-00-04.

Лауазымдық міндеттері:  Жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі – Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен халық қатарындағы адамдарды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және оны сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді; халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады; жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады; жұмыспен қамтуға жәдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жүгінген адамдарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту, уақытша жұмыспен қамту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және күнкөрісі төмен азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы, оларға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады; жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер, қазіргі еңбек нарығына талдау жүргізуге, оның даму перспективалары, халықты кәсіптік бағдарлау және психологиялық қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге ықпал етеді; жұмыспен қамту саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу, белгіленген еңбек нарығының дерекқорын қалыптастыру жұмысын ұйымдастырады; жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені зерделеуді және жинақтауды ұйымдастырады; жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен халықты жұмыспен қамту мақсатында өзара іс-қимыл жасайды; еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін кәсіптер (мамандықтар) тізбесін айқындайды; әрбір нақты жағдайда кәсіптік даярлауды жүргізудің барынша орынды нысаны мен орнын айқындайды; Орталықтың барлық бөлімшелерінің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастырады; Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін басқарады және шаруашылық дербестілігін, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту және дамыту шараларын қабылдайды, бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ қаржыландырудың басқа да көздерінен түсетін қаражаттардың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді; Орталықтың қаржы-шаруашылық және өндірістік қызметі жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылайды; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау шараларын қабылдайды; еңбек және өндірістік тәртіпті күшейту, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмысын жүргізеді; азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді; уақтылы есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етеді; Өрт қауiпсiздiгi қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, заңгерлік) білім және жұмыс өтілі халықты әлеуметтік қорғау немесе жұмыспен қамту жүйесінде кемінде 3 жыл немесе қызметтің басқа салаларындағы басшы лауазымдарында кемінде 2 жыл.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Еңбек кодексін; Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды; Тіл туралы заңды; Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды; "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Халықтың көші-қоны туралы заң); Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды; "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң); Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды; Халықты жұмыспен қамту туралы заңды; ұйымның бейінін, мамандануын және ерекшеліктерін; шаруашылық инфрақұрылымын; демографиялық ахуалын; өңірдің (ауданның, қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін; өңір (аудан, қала) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін; еңбек нарығы дамуының негізгі үрдістері мен бағыттарын; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды және олардың тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу тәртібін; қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастыруды; салық заңнаманың негіздерін; еңбек және ұжымдық шарттар жасау тәртібін; экономика негіздерін; Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдайтын мерзімде ұйымға қолма-қол немесе пошта арқылы мынадай құжаттарды:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.

      Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдарды) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы жарияланымнан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап                                15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің аппараты, индекс 080800, тел.: 8 (72644) 6-24-44, факс: 6-22-11 электрондық пошта: talas@zhambyl.gov.kz Қаратау қаласы, Достық алаңы 1, №308 бөлме.

Әңгімелесу өткізілетін орын: Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің аппараты, Қаратау қаласы,  Достық алаңы 1, №305 бөлме.

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 октября 2022
Дата обновления
18 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы