ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Тамды ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі:
* Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
* Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
* Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
* Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу);
* Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік мекемеде көрнекі ақпарат орналастырылған (стандарттар, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың Т.А.Ә.).
Ауылдық округ әкімінің аппаратында халыққа ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Компьютер, картридер орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ЭЦҚ арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы ЭЦҚ-ның қолданылу мерзімін жасауға немесе ұзартуға болады.
2021 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштер түспеді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп тұрады Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.