ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ауылдық округ 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 1,2 % - ын құрайды (698).
2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 5 %-ға немесе 6-ға көбейді (2020 жылы 18 қызмет көрсетілген).
2021 жылдың 12 айында ауылдық округ бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылған деректер тіркелмеген.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 230 халықты қамтылған 2 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер.)
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.