ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ауылдық округ 8 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 1,2% - ын құрайды (698).
Оның ішінде:
- 1 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;
- 13 қызмет қағаз түрінде;
2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 4 %-ға немесе 4-ке көбейді(2020 жылы 10 қызмет көрсетілген).
2021 жылдың 12 айында ауылдық округ бойынша 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оныңішінде:
- Электрондық түрде - 1 қызмет
- қағаз түрінде - 13 қызмет
Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» - 13, «Жер учаскесін жалға алу шарттарын жасау» - 1.
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылған 1 дерек тіркелді.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 214 халықты қамтылған 12 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер.)
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.