Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсанына қысқаша есебі

Талас ауданы әкімінің аппараты

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың

ІІ тоқсанына қысқаша есебі

 

2022 жылдың 6 айында Талас ауданы әкімдігіне бағынысты мекемелермен 42 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 9 қызмет баламалы негізде қағаз түрінде, 38 қызмет – электронды форматта көрсетілген.

2022 жылдың 6 айында 7 044 мемлекеттік қызмет көрсетілген (жеке тұлғаларға – 6 881, заңды тұлғаларға – 163 қызмет), оның ішінде:

- электронды түрде – 6 837 қызмет (жеке тұлғаларға – 6 685, заңды тұлғаларға – 152 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 97,1 %-ы);

- қағаз нысаны (баламалы негізде) – 207 қызмет (жеке тұлғаларға –196, заңды тұлғаларға - 11 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 2,9 %-ы).

         Есепті кезеңде құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты мемлекеттік қызмет алушылардың                215-і дәлелді бас тартуға ие болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.

Көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы бойынша:

         2022 жылдың 6 айында аудан көлемінде мерзімі бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелмеген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы негізінде (2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабы) Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 2021 жылғы                         13 желтоқсандағы №463-ө өкімі негізінде) 2022 жылы 2 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді.

Аудан тұрғындарына «Электронды үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын түсіндіру, қызмет көрсету бойынша 13 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» тұрақты түрде  жұмыс істеуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қорытынды ақпараттар аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсының (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas?lang=kk) «Негізгі құжаттар»  бөлімінде және мемлекеттік көрсетілетін 64 (алпыс төрт) қызметтің тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер интернет-ресурстың «Қызметтер» бөлігінде орналастырылған.

 «Талас ауданы әкімдігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың                   6 айында 18 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп (жәрмеңкелер, насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 3 608 тұрғын қамтылды.

        

 

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы