Талас ауданы білім бөлімінің
2021-2022 оқу жылындағы жұмысының 6 - айлық қорытындысы
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысы осы жылы қазанның 12-сі күні №726 қаулымен күшін жойған болатын. Оның орынына Үкіметтің қаулысымен «Білімді ұлт»сапалы білім беру» ұлттық жобасы бекітілді. Осы жоба аясында Жамбыл облысының даму жоспарының нысаналы индикаторларын Талас ауданына бөлу бойынша облыстық білім басқармасымен келісілген түрде жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық білім бөліміне қарасты 59 мекеме жұмыс жасайды. Олардың ішінде 35 мектеп, 19 балабақша (7 балабақша жекеменшік) және мектептер жанынан 16 шағын орталық (Қаратау қаласында 6, ауылдық округтерде 10), 5мектептен тыс мекеме (Қаратау қаласында: Балалар өнер мектебі, Балалар мен жасөспірімдер орталығы, «Жұлдыз» аула клубы, 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, «Жұрындысай» балалар лагері) бар.
Аудандағы 35 мектептің 608 сыныбында 9761 оқушы білім алуда және мектепалды даярлық сыныптарында 890 бала тәрбиеленді. 878 бала 1-сыныпқа қабылданды.
Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен қамту бойынша ауданда 3 пен 6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы 100%ды құрайды. Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап 2 мен 6 жастағы балалардың қамтылуы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңдағы көрсеткіші -94,2%. Биылғы жылы 94,3 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл көрсеткішті орындау үшін 1 жастан бастап бала қабылдап отырған балабақшалардың субсидиясы тек 2 жасқа толған бала қабылдаса ғана берілетіні меңгерушілерге ескертіліп, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша 2 мен 6 жастағы бала саны 3641 болса, оның 2273-і балабақшамен және сонымен қатар мектепалды даярлық топтарына қамтылған. (Бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 26 балабақша (19 мемлекеттік, 7 жекеменшік), 16 шағын орталықта 2932 бала тәрбиеленуде, ол аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 87,6 құрап отыр).
Талас ауданының білім бөліміне қарасты мекемелерде 2021-2022 оқу жылында мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде, қосымша білім беру және мекемесінде барлығы 5000-нан астам педагогтар қызмет етті.
Бүгінгі күні "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрықтары басшылыққа алынып жұмыстар жүзеге асырылуда.
2018 жылдан бері Ұлттық біліктілік тестіне барлығы 1095 педагог қызметкерлер өтініш берген, соның 737 тесттен өтті. Оның ішінде орта мектеп педагогтары бойынша: педагог-модератор – 216, педагог-сарапшы – 267, педагог-зерттеуші – 216, педагог-шебер – 6; бөбекжай-бақшаларда педагог-модератор – 8, педагог-сарапшы – 6; қосымша білім беру мекемелерінде педагог-модератор – 7, педагог-сарапшы – 4, педагог-зерттеуші – 6, педагог-шебер – 1.
Мекеме басшылары бойынша: басшы-ұйымдастырушы – 9; "басшы-менеджер – 2; басшы-көшбасшы – 1.
Директор орынбасарлары бойынша: үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары – 19; екінші біліктілік санатты басшының орынбасары – 13; бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары – 7.
Мектепке дейінгі тәрбие
Мектепке дейінгі ұйымдар саны 42, онда 2932 бала тәрбиеленеді .
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі:
1-6 жас аралығында 2022 жылы 1-6 жас 92,4 %
2021 жылы 1-6 жас 86,7 %
3-6 жас аралығында 2022 жылы 3-6 жас 100%
2021 жылы 3-6 жас 100%
Мемілекеттік 19 балабақшада 2022 жылы 1860, 2021 жылы 1845 бала тәрбиеленеді.
Жекеменшік 7 балабақшада 2022 жылы 475, 2021 жылы 425 бала тәрбиеленеді.
Шағын орталықтар саны 16 ондағы бала саны 2022 жылы 578, 2021 жылы 577
Мектепке дейінгі тәрбиемен білім берудегі педагогтар 376.
Жоғарғы білімді 296, арнаулы орта 80.
Жоғары санатты 14 (3,7 %), бірінші санатты 45 (11,9 %), екінші санатты 127(33,7 %), педагог-сарапшы 6(1,6 %), педагог-модератор 8 (2,1 %), санаты жоқ 96 (25,5%)
Жалпыға міндетті білім беру қоры
2021 жылға жалпыға міндетті білім беру қорынан аталған санаттағы балалар үшін 300 млнға жуық қаржы жұмсалды.
Оның ішінде:
- 3298 баланы ыстық тамақпен қамтуға 169,925млн. теңге;
- оқушыға киім-кешек пен кеңсе заттарын сатып алуға 107,185 млн теңге;
- баланың жазғы демалысына 13,847 млн. теңге.
Бұдан бөлек «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 234 балаға 1 млн. 89 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді (киім-кешек, кеңсе заттары).
2022 жылғы Жалпыға міндетті білім беру қорына 207 млн 774 мың теңге бөлініп отыр. Бұл қаржы оқушыларға берілетін бір мезгілгі ыстық тамаққа қаралып отыр.
Білім сапасы
Талас ауданы бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы оқушылардың 2021-2022 оқу жылынының жылдық қорытындысы бойынша білім сапасы 65,6% (былтырғы 61,2%) пайызды құрады.
Қосымша білім беру
Балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші ауданда 70,7%-ды құрайды. Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде -946 оқушы, Балалар мен жасөспірімдер орталығында -2583 оқушы, «Жұлдыз» аула клубында -816 оқушы және мектептегі оқушылардың қызығушылығы бойынша құрылған үйірмелерге тартылған оқушы саны -2597. Былтырғы жылғы «Жомарт түлек» жобасы аясындағы өтініш негізінде Үшарал ауылындағы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектебінен 60 оқушыны қамтитын спорттық үйірмелер ашылды.
Инклюзивті білім беру
Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту бойынша ерекше қажеттілікті талап ететін оқушылар үшін 35 мектептің 27-де жағдай жасалған. Аудандағы мүмкіндігі шектеулі 306 баланың 60-сы балабақшалардағы логопунктерде, 86-на ППКТ-да түзету жұмыстары жүргізілуде. Инклюзивті біліммен қамтылған 111 оқушының 71-і үйде, 40 оқушы мектепте жеке қаралыммен оқытылуда.
ҰБТ
2021-2022 оқу жылында 427 түлек бітіруде
Алтын белгіге бітіргендер - 34, үздік аттестатқа42.
«Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жұмыстарын Облыстық білім басқармасының жанынан құрылған комиссия тарапынан қаралды.
ҰБТ дайындық жұмыстары
Қазан айында 341 түлек
Қараша айында 339 түлек
Желтоқсан айында 316 түлек
Қаңтар айында 352 түлек
Наурыз айында 324 түлек ҰБТ тапсырды.
ҰБТ – ға 408 қатысушыдан өтінім беріліп, 407 оқушы қатысты.
Ауданның орташа баллы-77%. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3,4%ға артты.
Жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру
Талас ауданының білім бөліміне қарасты мектептерде 9761 баланың 400-і «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагеріне және 2562-сі мектеп жанындағы лагерьмен қамту жоспарланды.
Мектеп жанындағы лагерь «Балалар жылы» аясында ағымдағы жылдың 01 маусым күні ашылып, ағымдағы жылдың 01-24 маусым күндері аралығында 33 мектепте 2 ауысымда бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту арқылы өткізу жоспарланып отыр. Мектеп жанындағы демалыс алаңдарында демалуға 11 млн. 529 мың теңге бөлінген.
І ауысым 01.06-12.06.2022 жыл -1281 бала
ІІ ауысым 13.06.-24.06.2022 жыл -1281 бала
Қала сыртындағы «Беріққара» шатқалында орналасқан «Жұрындысай» балалар сауықтыру лагерінде 4 ауысымда (10 күннен) 400 оқушы демалысын өткізу жоспарда, лагерьдің ашылу уақыты 2022 жылдың 15 маусымы. Оқушыларды «Жұрындысай» жазғы сауықтыру лагеріне демалуына облыстық бюджеттен 400 балаға 16 млн. 872 мың теңге бөлінді.
І-ауысым 15.06. - 26.06 – 100 бала;
ІІ-ауысым 29.06. - 10.07 – 100 бала;
ІІІ-ауысым 13.07. - 24.07 – 100 бала;
ІV-ауысым 27.07. - 07.08 – 100 бала.
«Жұрындысай» жазғы сауықтыру лагеріне ақылы түрде демалуына жолдама құны бала басына 37000 мың теңге болып бекітілді
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімінің 4 – тармағына сәйкес мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьге жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардын балаларын, мүгедек балаларды, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, жалпы білім беретін мектептердің спорт, өнерде жетістікке жетіп жүрген үздік оқушылары,аталған санаттағы оқушылар қамтылады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу
2021 жылдың айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тарапынан 2 қылмыстық іс тіркелді (2020 ж. айында –3 )(33,3 %-ға кеміді).
Анықтама ретінде: Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны: 2
Қылмыс жасаған оқушылар саны: Барлығы 2.
2022 жылы қылмыстық іс-әрекет орын алмады,
Аудандық прокуратура, ішкі істер департаменті мен білім саласы қызметкерлері және аудан әкімдігі жанындағы кәмелеткетолмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен құрылған 32мобильді топтар тұрақты жұмыс атқарды. Қаратау қаласы бойынша 5 топ, ауылды елді мекендерде 28 топ түнгі рейдік жұмыстарын ұйымдастырады.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 47 рет «Түнгі қала балалары» жобасы бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қала мен ауылдық елді мекендерде барлық білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының және құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында прокуратура, ішкі істер департаменті мен білім саласы қызметкерлері және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерімен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсаты профилактикалық кездесулердің саны:
Тәрбиенің бағытты жұмыстары бағытында атқарылған іс-шаралар саны:
2021-2022 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатында тәрбие бағытында көрсетілген жобалар саны:
Жазғы мектеп ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «26» мамырдағы № 240 бұйрығына қосымша мен 26.05.2021-ғы № 240 шығыс хаты басшылыққа ала отырып Білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтарының орнын толтыру мақсатында 1-8,10 сыныптарда білім алушылар үшін 2022 жылғы 26 мамырдан бастап 17 маусым аралығында «Жазғы мектепте» оқытуды ұйымдастыру үшін Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылып,сабақ кестесі, қоңырау кестесі және жұмыс жоспары жасалып,бекітілді.Сабақ 09.00 де басталады. Жазғы мектеп жұмысы бойынша арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Аудан бойынша 13 мектепте 1132 білім алушылар үшін мектепте жазғы мектеп ата-аналардың өтініші бойынша жұмыс жасап жатыр. Қалған 20 мектепте оқушыларды жазғы мектепте оқыту үшін ата-аналар тарапынын өтініш түскен жоқ.
Қорғаншылық және қамқоршылық кеңесінің жетім,
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының қорғалуы бағытындағы жұмыстар туралы
Талас ауданы бойынша қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 52. Оның ішінде 52 бала (жетім 31 бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 21 бала) 30 отбасында қорғаншылық және қамқоршылықта тәрбиеленудежәне 8 бала (жетім 0 бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 8 бала) 2 отбасындағы патронаттық тәрбиеге ( 1 жанұяда-4 бала, 2 жанұяда-4 бала) берілген.
|
жыл |
Аудан бойынша |
Оның ішінде: |
Барлығы |
||
|
жетім |
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған |
||||
|
2020 |
қорғаншылық және қамқоршылық |
35 |
14 |
49 |
58 |
|
патронаттық тәрбие |
0 |
9 |
9 |
||
|
2021
|
қорғаншылық және қамқоршылық |
33 |
21 |
54 |
62
|
|
патронаттық тәрбие |
0 |
8 |
8 |
||
|
2021
|
қорғаншылық және қамқоршылық |
31 |
21 |
52 |
60 |
|
патронаттық тәрбие |
0 |
8 |
8 |
||
2021 жылдың қаңтар айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау жөніндегі «Мейірім» жобасы аясында Талас ауданы бойынша 60 балаға тиісті бөлім басшылары және Қаратау қаласы мен ауылдық округ әкімдері және мектеп директорларымен бекітілген. Алайда, бекітілген демеушілер жұмыс орнынан босатылуына байланысты, «Мейірім» жобасын қайта жаңартып бекітуді қажет етеді. Бүгінгі күнге дейін демеушілерге түсіндіру жұмыстары тоқтаған емес.
|
Аудан |
Облыс, қала, аудан әкіммен бекітілген балалар саны |
«Отбасы банк-де» есеп шоты ашылған ЖААҚ балалар саны |
Демеуші мемлекеттік органдар, мекемелер, кәсіпорындар саны |
«Отбасы банкі» АҚ-да келісім шартқа қол қойғандар |
Пайызы |
Оның ішінде: |
|
|
Ақша салғандар |
Қанша ақша (теңге) |
||||||
|
Талас 2021 жыл |
62 |
41 |
63 |
41 |
65 % |
41 |
205 000 |
|
Талас 2022 жыл |
60 |
41 |
60 |
41 |
65 % |
41 |
400 000 |
Талас ауданы бойынша «Мейірім» жобасы аясында балалардың орналасуы бойынша бөліну кестесі
|
№ |
Талас ауданы |
саны |
65 % |
|
1 |
Бостандық ауылдық округі |
3 |
0 |
|
2 |
С.Шәкіров ауылдық округі |
1 |
0 |
|
3 |
Қасқабұлақ ауылдық округі |
3 |
0 |
|
4 |
Кеңес ауылдық округі |
4 |
0 |
|
5 |
Қаратау қаласы |
50 |
41 |
|
|
Барлығы: |
60 |
|
Жомарт түлек жобасы аясында
Жамбыл облысының әкімінің бастамасымен жомарт түлек жобасы аясында Талас ауданыны білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде әр жылдары бітірген түлектер мектепке өз тартуларын тартты. Атап айтқанда:
А.С.Пушкин атындағы орта мектебінің 2002 жылы бітірген жомарт түлектері 600000 мың теңге мектептің АКТ залын жабдықтап берді. Ақкөл орта мектебінің 2012 жылы бітірген жомарт түлектері көп балалы отбасына 2 000 000 млн теңгеге баспана сатып әперді.Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 2002 жылы бітірген жомарт түлектері, мектептің алдына 1000 000 млн теңгеге түлектер аллеясын сатып әперді. А.Даулетбеков атындағы орта мектебінің 1982 жылы бітірген жомарт түлектері, 500000 теңгеге ҚР рәміздер бұрышын жасап берді. Қ.Қошманбетов атындағы негізгі орта мектебінің 2002 жылы бітірген жомарт түлектері, 300000 теңгеге шырша ағашын мектеп айналасына отырғызды. Қ.Қошманбетов атындағы негізгі орта мектебінің 2002 жылғы бітірген жомарт түлектері 200000 теңгеге жеміс ағашын мектеп айналасына отырғызды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімі 20 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 7, электронды портал ("электроннық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, "es.iac.kz" АЖ) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 13.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1890:
1) Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру - 8
2) Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру - 5
3) Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
4) Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою - 3
5) Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау
6) Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
7) Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу - 1
8) Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау
9) Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру
10) Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру - 6
11) Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау
12) Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 671
13) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою - 598
14) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау - 4
15) Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
16) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау - 376
17) Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру - 18
18) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау
19) Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру - 200
20) Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну.
Аудандық білім бөліміндегі өзекті мәселелер:
Мәселе: Қаратау қаласындағы М.Әуезов, С.Сейфуллин, А,Пушкин, мектеп-лицейге жылу жүйесін ауыстыру.
Шешу жолы: А.Пушкин ОМ, мектеп-лицейдіңжылу жүйесін жөндеуге ЖСҚ дайын. М.Әуезов ОМ мен С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің жылуына ЖСҚ дайындау үшін қосымша қаражат қажет. Облыстық ББ сұраныс жасалды.
Мәселе: Аудандағы 6 негізгі және 2 бастауыш мектепте спорт зал мен мәжіліс залдары жоқ.
Шешу жолы: Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы мен аудан әкімдігіне бірнеше рет жолданған. Қазіргі таңда Жаңатұрмыс НМ, Ш.Смаханұлы НМ, Қ.Қошмамбетов НМ, Б.Әлменұлы ОМне жаңадан құрылыс жұмыстары кезең кезеңімен жүргізіледі деп жоспарлануда.Жаңа мектеп салынған жағдайда 4 мектептің спорт залы мен АКТ залының мәселесі шешіледі. 2 бастауыш мектептің оқушыларының саны аз болғандықтан жаңа мектеп салынбайды. Ақтөбе елдімекенінің балалары 5 сыныптан бастап М.Қыстаубайұлы ОМ тасымалданауда.
Мәселе:Қаратау қаласындағы М.Әуезов, С.Сейфуллин, А,Пушкин, №1 мектеп-лицей, Тамды ауылындағы Қойгелді, Ақкөл ауылындағы Ақкөл ОМ күрделі жөндеуді қажет етеді.
Шешу жолы: Қаратау қаласындағы А.Пушкин, Тамды ауылындағы Қойгелді ОМ, Ақкөл ауылындағы Ақкөл ОМ күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайын. Сараптамадан өткізу үшін қаражат қарастыруды қажет етеді. Облыстық ББна сұраныс жасалды. №1 мектеп-лицейге ЖСҚ дайындау және сараптамадан өткізуге қаражат сұралды.
Мәселе: Үшарал, Кеңес, С.Шакиров, Қасқабұлақ, Қаратау ауылдық округтерінде орналасқан мектептердің интернетінің жылдамдығы төмен.
Шешу жолы: Бұл жөнінде «Қазақтелеком» АҚ-ның Талас аудандық филиалына бірнеше рет ескертілді
Мәселе: Бөлімге қарасты мекемелердегі артық жүктемеге сәйкес кадр жетіспеушілігі
Шешу жолы: Бұл жөнінде оқу жылының соңында аудандық білім бөлімі сараптама жасап, соның негізінде кадр жетіспеушілігі бойынша мекеме басшыларына облыс, Республика деңгейіндегі Жоғарғы оқу орындарының “Ашық есік” жәрмеңкесіне қатысу және enbek.kz порталына сұраныс жіберу ескертілді.