Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылдың 2-18 наурыз аралығында халық пен кездесуі барысында көтерілген  ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

Ұсыныстар мен ескертулердің мазмұны

Орындалуына жауаптылар

Бақылау

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

Қаратау қаласы

1

Қаратау қаласының ішінен өтетін Тамды Әулие өзенінің бойына күл қоқыс тастағандарға айыппұл салу үшін бейнебақылау камерасын орнату бойынша зерделеніп, ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

2022 жылға Қаратау қаласы аумағында 30 бейне бақылау камераларын орнату мақсатында аудандық бюджеттен 91 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жеңімпаз анықталды («Новые Технологий Тараз» ЖШС). Қазіргі таңда, «Тамды-Әулие» өзенінің бойына бейне бақылау камерасын орнатуға қолайлы орындар қарастырылуда.

 

2

«Жартас» көліне шомылушыларға арналған демалыс орындарын ашу бойынша ұсыныс беру

Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың

1 маусым

Қаратау қаласы «Жартас» көлінің аумағын абаттандыруға және шағын демалыс орындарын ашу мақсатында аудандық бюджеттен 7 млн. 500 мың теңге бөлініп, «Қаратау саябақтары» ЖШС тарапынан абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 

3

Қаратау қаласының ішінде қараусыз жүрген мүйізді ірі қара және жылқылардың иелеріне шара қолдану

Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

тұрақты

Қаратау қаласының ішінде қараусыз жүрген мүйізді ірі қара және жылқылардың иелеріне шара қолдану барысында, 19 жеке тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы 1 тармағымен кінәлі деп танылып, қысқартылған түрде 54 953 теңгені құрайтын айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы 1 тармағымен                    2 адамға 61 260 теңге көлемінде айыппұл салынып, 74 жеке тұлғаға ескерту берілді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 тармағы бойынша ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 20 жеке тұлғаға 290 985 теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

4

Қаратау қаласындағы ірі сауда орындарында қоғамдық әжетханалар ашу бойынша ұсыныс беру

Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Тауасаров

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Қаратау қаласындағы ірі сауда орындарында қоғамдық әжетханалар ашу бойынша «Диас», «Фиркан» сауда орталықтарына арнай хат жолданып, қоғамдық әжетхана қойылды.

 

5

Қаратау қаласының ішіндегі көшелердің қиылыстарына жаяу жүргіншілердің жол белгілерін қою, жолақтар сызу бойынша зерделеніп, ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Жаяу жүргіншілер жолағын сызу бойынша қала көшелерінде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, зерделеу нәтежесінде және Талас аудандық полиция бөлімінің 25.03.2022 жылғы Ә.Молдағұлова көшесі мен Т.Рыұсқұлов көшелерінің қилысы (ұйғарым №36), Б.Момышұлы №8 үйдің тұсы (ұйғарым №37), Ә.Молдағұлова көшесі мен Саңрақ батыр көшелерінің қилысы (ұйғарым №28), Шахтер көшесі мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысы (ұйғарым №34), Б.Момышұлы көшесі мен М.Маметова көшесі қиылысы (ұйғарым №25), Ә.Молдағұлова көшесі «Фиркан» сауда орталығының алдында тас жол (ұйғарым №27) бетіндегі «Жаяу жүргінші өтпелі» жолақттары қайта жаңартылып сыздырылды. Сонымен қатар басқада көшелер бойындағы «Жаяу жүргінші өтпелі» жолақттары қайта жаңартылып сыздырылатын болады.

 

6

Қаратау қаласы Ә.Молдағұлова көшесінің екінші жақ бетіндегі жолды жөндеу және көпірлерді қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау қаласының әкімі Д.Баймбетов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Ә.Молдағұлова көшесінің екінші жақ бетіндегі жолды жөндеу бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жүргізілуде. Сонымен қатар, қала аумағындағы 7 көпірді қалпына келтіру бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамаға жіберілды. Сараптамадан қорытынды күтілуде. Жоба құны 398,7 млн. теңге.

 

Ойық ауылдық округі

7

Ойық ауылындағы «Бейбіт би» көшесінің жолына күрделі жөндеуден өткізуге ұсыныс енгізу

Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Ойық ауылындағы «Бейбіт би» көшесінің жолына күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, 2023 жылға «Ауыл – Ел бесігі» жобасына ұсынылды. Жоба құны 42 млн. 559 мың теңге.

 

8

Ойық ауылдық округіндегі «Майлы көл» шабындығына су жаю үшін «Жылуан» каналына қақпа салуға бюджеттік өтінім беру

Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

 «Майлы көл» шабындығына су жаю үшін «Жылуан» каналына қақпа салуға аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік бөліміне бюджеттік өтінім берілді.

 

9

Ойық ауылының ауыз су жүйесіне арнайы филтр орнату бойынша қайта зерделеніп,  жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2023 жылы

Ойық ауылының ауыз су жүйесіне арнайы филтр орнату бойынша зерделеніп,  жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 12.04.2022 жылы аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолданды.

2023 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында филтр оранту жоспарланып отыр.

 

10

Ойық ауылындағы спорт алаңшасына жасанды төсеніш төсеуге бюджеттік өтінім ұсыну

Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров

 

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың шілде айы

Ойық ауылындағы спорт алаңшасына жасанды төсеніш төсеу жұмыстарына   10 млн. теңге аудандық бюджеттен бөлінді. Жасанды төсеніш төсеу жұмыстары жүргізілді.

 

11

Тұрымқұл ауылындағы «Бөрібай» каналының бойынан ауыл ішіндегі шарбақтарды суғару үшін шлюз салуға ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Ойық ауылдық округінің әкімі Н.Мұхтаров, «ҚазСуШар» РМҚ Ақкөл өндірістік бөлімінің басшысы А.Ахметов (келісім бойынша)

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

«Бөрібай» каналының бойынан ауыл ішіндегі шарбақтарды суғару үшін шлюз салуға меншік иесі «КазСуШар» РМҚ Ақкөл өндірістік бөлімшесіне, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне 12.04.2022 жылы арнайы ұсыныс хат жолданды. меншік иесі «КазСуШар» РМҚ Ақкөл өндірістік бөлімшесі тарапынан жоба дайындалып, «КазСуШар» РМҚ Жамбыл облыстық филиалына ұсыныс берілген.  

 

12

Тұрымқұл ауылындағы «Жаңатұрмыс» негізгі мектебінің ескіруіне байланысты жаңа мектептің құрылысы бойынша облыс әкімдігінің білім басқармасына ұсыныс беру

Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов

(келісім бойынша)

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Тұрымқұл ауылынан 50 орындық модульдік үлгідегі мектеп салу 2025 жылға жоспарланған. Облыс әкімдігінің білім басқармасына мектеп құрылысы жұмыстарын 2023 жылға жылжыту бойынша (9 ақпан 2022 жылы №04-175) ұсыныс хат жолданды.

Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне ауылдық округтің бас жоспарына сай  сұралған жер учаскесінің жер таңдау актісімен келісілген сызбасына 13.04.2022 жылы сұраныс хат жіберілді. Тұрымқұл аулынан 50 орындық мектеп салуға 1,2 га жер және Сейілбек аулынан 50 орындық мектеп салуға 1,2 га жер теліміне сұраныс берілді.

.

Кеңес ауылдық округі

13

Бөлтірік шешен ауылындағы С.Шәкіров көшесін жөндеу бойынша  ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Бөлтірік шешен ауылындағы С.Шәкіров көшесін орташа жөндеуге 50/50 бағдарламасы бойынша облыстық бюджетке 99 млн. 133 мың теңге қарастыру туралы сұраныс берілді.

 

14

Бөлтірік шешен ауылындағы Бақтымбет каналын тазалау бойынша ұсыныс беру

Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Бөлтірік шешен ауылындағы Бақтымбет каналын тазалау бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайын. Жоба құны 4,5 млн. теңгені құрады. Ұзындығы 5 шақырым. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілген.

15

Көшек батыр ауылынан ауылдық клуб салу бойынша ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Мақұлбек, Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

2022 жылға Көшек батыр елді мекеніне  ауылдық клуб соғу жоспарға енгізілмеген. Аталған ауылдағы тұрғындардың Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы  31 наурыздағы №121 бұйрығымен бекітілген мәдениет объектілеріне (халық саны 1000 жуық болу керек) сәйкес келмеуіне байланысты мәдениет нысанын соғу тиімсіз деп анықталды. Алайда, аталған мәселені қайта  Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына 2022 жылдың 20 сәуірінде ұсыныс хат жолданды. Нәтижесі күтілуде.

16

Көшек батыр ауылындағы спорттық алаңшаның жасанды төсенішін ауыстыруға бюджеттік өтінім беру

Кеңес ауылдық округінің әкімі Е.Тәттібай

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Көшек батыр ауылындағы спорттық алаңшасының жасанды төсенішін ауыстыруға  3,6 млн. теңге бөлінді. Спорттық алаңшаның жасанды төсеніші ауыстырылды.

 

Үшарал ауылдық округі

17

Бозарық көшесінің жолын жөндеу және жарық орнатуға ұсыныс беру

Үшарал ауылдық округінің әкімі Р.Айтуов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

Үшарал ауылындағы Бозарық көшесіне асфальт жабындысы бар жол салу және жарық жүйесін жүргізу мәселесіне қатысты жобалық-сметалық құжаттамасын жасатуға қажетті қаражат көлемін анықтау үшін жеке кәсіпкер «Бижан Ә.О.» сұраныс хат берілді. Қажетті қаражат көлемі нақтыланса бюджеттік өтінім берілетін болады.

18

Үшарал ауылындағы Үдербаев көшесінің жарығын қайта қарау

Үшарал ауылдық округінің әкімі Р.Айтуов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

2021 жылы Үшарал ауылындағы Е.Үдербаев көшесі бойына қойылған күннен қуат алатын жарық жүйесі 2021 жылғы 17 қараша күні орын алған қатты дауыл салдарынан істен шыққан болатын.  Оны қайта орнату жұмыстарын 2022 жылы көше жарықтарын күтіп ұстау, істен шыққандарын ауыстыру жұмыстарына бөлінген қаражаттан үнемделген қаражат есебінен қажетті 20 дана күн батареясынан қуат алатын лампалар сатып алып орнату жоспарланған. Ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мәселе шешімін табатын болады.

Қасқабұлақ ауылдық округі

19

Қасқабұлақ ауылына барған мамандарға бос тұрған үйлерді сатып алуға ұсыныс беру

Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Усейнов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Қасқабұлақ ауылында барған мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2,5 млн.тг бөлініп, 2 тұрғын үй сатып алынды.

 

20

Қасқабұлақ ауылының ішінен автокөлік өтетін көпірді қайта жаңғыртуға ұсыныс беру

Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Усейнов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Көпірді қайта жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды. Жоба құны 15 млн. 480 мың теңгені құрады. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне сәуір айында ұсыныс беріліп, тиісті қаржы бөлінді. Жөндеу жұмыстары ІІІ тоқсанға жоспарлануда.

21

Қасқабұлақ ауылынан сыртынан бос тұрған үйлерді қарастырып, ветеринарлық пункт ашуға ұсыныс беру

Қасқабұлақ ауылдық округінің әкімі Ж.Усейнов

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Ветеринариялық пунктке лайықты ауыл сыртында орналасқан бос тұрған үйлерден ғимарат қарастыру бойынша, зерделенді. Сатып алуға жарамды бос тұрған үйлер анықталмады. 2023 жылдың жоспарына енгізу үшін 21.04.2022 жылы аудан әкімінің атына жаңадан ветеринарлық пункт соғуға ұсыныс хат берілді.

Қаратау ауылдық округі

22

Есейхан ауылының ауыз су жүйесінің сапасыз салынуы бойынша қайта зерделеніп, құзырлы органдарға мердігер компанияны жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Құрылыс жұмыстарын жүргізген Мердігер компанияны жауапкершілікке тарту жөнінде аудандық сотқа ұсыныс берілді. Нәтижесінде мердігер компания тарапынан ауыз су жүйесінің  құрылысында жіберілген кемшіліктер бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

 

23

Есейхан ауылынан спорт алаңшасын салуға ұсыныс беру

Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Есейхан ауылынан «Street Workout» алаңшасы мен балалар ойын алаңын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жоба құны 16,2 млн. теңге.  Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынылды. Қаржы бөлу мәселесі комиссия қарауында.

 

24

Есейхан ауылындағы мәдениет үйінен спорт үйірмесін ашып, құрал жабдықтармен қамтуға ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Рысбек, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Есейхан ауылындағы мәдениет үйінен спорт үйірмесі ашылған, №31 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ш.Тұрғат қазақ күресінен үйірме жүргізуде. Үйірмеге 24 бала қатылған. Қазақ күресінің кілемімен қаматамасыз етілген.

.

25

Есейхан ауылына кіре беріс тау бөктерінде орналасқан 11 шақырым жолды жөндеу бойынша жобалық – сметалық құжаттамасын қайта қарап, тиісті облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсыну

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Аудандық маңызы бар Есейхан ауылына кіре беріс 11 шақырымды тас жолды жөндеу бойынша, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген құны 400 млн. теңге. Республикалық бюджеттік  ұсыныс берілді.

.

26

Есейхан ауылындағы «Қарашат» су қоймасының табанын тазалау бойынша қаржы қарастыру

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Қаратау ауылдық округінің әкімі А.Малташов

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

 «Қарашат» су қоймасы «Жамбыл Су қоймалары» КММ-нің теңгерімінде болғандықтан, аталған мекемеге ұсыныс берілді. «Жамбыл Су қоймалары» КММ ІІІ-тоқсанда үнемделген қаражат есебінен жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

 

Тамды ауылдық округі

27

Тамды ауылының маңындағы жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту бойынша шаруа қожалықтармен қайта кеңес өткізу

Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров

 

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде ауыл тұрғындарының қатысуымен ауылдық мәдениет үйінде кеңес өтіп, ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің мәселесі шешіліп, шаруа қожалықтармен меморандумдар жасалды. Нәтижесінде ауыл ішіндегі малдың жайылымы 2000 га кеңейтілді.

 

28

Ауыл тұрғыны Н.Күзембаевты отбасылық жағдайына байланысты қоғамдық жұмысқа тарту бағытында ұсыныс беру

Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Ауыл тұрғыны Н.Күзембаев ақылы қоғамдық жұмысқа  ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап, 3 айылық мерзімге уақытша қабылданды.

 

29

Ауылдық округтен жабық кішігірім спорт кешенін соғу бойынша зерделеніп, ұсыныс беру

Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров

 

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Тамды ауылындағы Қ.Қойгелді орта мектебінің спорт залына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануына байланысты жеке спорт кешенін соғудың қажеттілігі жоқ. Себебі мектептің спорт залында спорттық үйірмелер өткізуге толық мүмкіндік бар.     

 

30

Ауылдық округте жөндеуден өтпеген 2 көшенің (Жұбаев, Тілепбергенов) дайын жобалық – сметалық құжаттамаларын қарап, ұсыну

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров

 

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Тамды ауылындағы Б.Жұбаев және М.Тілепбергенов көшелерін кезең кезеңімен жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне мамыр айында  ұсынылды. Нәтижесінде 2023-2024 жылдары жөнделетін болады.

 

31

Ауылдан мал тоғыту алаңын салу бойынша ұсыныс беру

Тамды ауылдық округінің әкімі Р.Асқаров

 

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Тамды ауылының сыртынан мал тоғыту алаңын салу үшін 3 млн. 876 мың теңге бөлініп, мал тоғыту алаңы салынды.

 

Берікқара ауылдық округі

32

Ауылға газ кіргізу мәселесі бойынша ауыл тұрғындары арасында тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смайлов

 

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың шілде айы

Газ кіргізу мәселесі бойынша ауыл тұрғындары арасында тұрғын үйлердің құжаттарын заңдастыру бағытында  түсіндіру жұмыстары 2 рет жүргізілді. Алдағы уақытта ауыл жиындарында тұрақты хабарланатын болады.

 

33

Қожағаппар ауылындағы Қ.Қошманбетов атындағы негізгі мектебінің ескіргені туралы облыс әкімдігінің білім басқармасына ұсыныс беру

Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов

(келісім бойынша)

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Қожағаппар ауылындағы 50 орындық модульдік үлгідегі мектеп салу 2025 жылға жоспарланған. Облыс әкімдігінің білім басқармасына мектеп құрылысы жұмыстарын 2023 жылға жылжыту бойынша (9 ақпан 2022 жылы №04-175) ұсыныс хат жолданған. Ауылдық округ әкімінің аппараты тарапынан Қожағаппар ауылының тұрғындарымен жерін заңдастыру мақсатында кездесу өткізіліп, ескі  мектептің   орны   болып  белгіленді.

 

34

Майтөбе ауылындағы А.Даулетбеков атындағы орта мектебінің айналасын көгеріштендіру үшін мектеп жанындағы скважинаны тазалауға ұсыныс беру

Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смайлов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы М.Қазанғапов (келісім бойынша)

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

А.Дәулетбеков атындағы орта мектебі орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Ауыл жанындағы әуіттің суымен көгеріштендіру жұмыстары жүргізіледі. Скважинаны тазалауға немесе жаңадан скважина қаздыру бойынша демеушілер тарту бағытында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. 

35

Берікқара ауылдық округіне қарасты Аралтөбе егіс алқабына тікелей шығатын тас жолды жөндеу бойынша ұсыныс беру

Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смайлов

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

Аралтөбе тау жотасына шаруа қожалық төрағаларымен барып, тас жолдың жөнделетін (тегістелетін) жерлері келісіліп, белгіленген. Аталған жұмыстарды жүргізу бағытында Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы қарастыруға ұсыныс беріледі.

Көктал ауылдық округі

36

Көктал ауылының ауыз су мәселесіне қатысты «Көктал» су нысанынан тартылған су жүйесінің құрылысы аяқталып, қосылған жағдайда ауыз су тұрақты берілетіндігі бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Көктал ауылдық округінің әкімі Қ.Бейсебаев

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

тұрақты

Көктал ауылының ауыз су мәселесіне қатысты «Көктал» су нысанынан тартылған су жүйесінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталған жағдайда, ауыз су тұрақты берілетіндігі бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 2022 жылдың 1 маусымана дейін 2 рет кездесулерде түсіндірілген.

 

37

Көктал ауылындағы мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне ұсыныс хат беру

Көктал ауылдық округінің әкімі Қ.Бейсебаев

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың наурыз айы

Көктал ауылындағы мал ұрлығы бойынша Талас аудандық полиция бөліміне ауыл әкімінің атынан 2022 жылдың 01.03.2022 жылы №60 хат жолданған болатын. Бүнгінгі күні 5 ваканттық орын жарияланған, маман болмауына байланысты тиісті жұмыстар Қарой ауылының учаскелік инспекторына жүктелген.

38

Көктал ауылындағы Есейхан көшесінен балалар ойын алаңын салу бойынша ұсыныс беру

Көктал ауылдық округінің әкімі Қ.Бейсебаев

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

Есейхан көшесінен балалар алаңын салу бойынша демеушілер тарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

 

Ақкөл ауылдық округі

39

Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны автокөлікпен қамтамасыз ету үшін ұсыныс беру

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Аудан әкімінің атынан Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына 2022 жылдың 30 наурызында №01-831 ұсыныс хат жолданды. Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға жедел жәрдем автокөлігін сатып алу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан 2022 жылдың 16 наурыздағы №1076 шығыс хатымен облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ағымдағы жылдың 4 сәуірінде өткен облыстық бюджет нақтылауына бюджеттік өтінім тапсырылған. Алайда, облыстық бюджет комиссиясымен қолдау таппағандығына байланысты, ағымдағы жылдың шілде айында өтетін нақтылауға қайта ұсынылатындығы хабарланды.

40

Ақкөл ауылынан жаңадан дәрігерлік амбулатория құрылысын салу бойынша ұсыныс беру

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Аудан әкімінің атынан Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына 2022 жылдың 30 наурызында №01-831 ұсыныс хат жолданып, Ақкөл ауылына жаңадан соғылатын дәрігерлік амбулатория құрылысы 2025 жылға дейін құрылыс жұмыстары жүргізілетін нысандардың тізіміне енгізілгендігі туралы хабарланды.

41

Ақкөл көліне 90 млн. кубқа дейін су толтыру бойынша зерделеп, ұсыныс енгізу

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың наурыз айы

Қазіргі уақытта Ақкөл көлінде 90 млн/м3 су жиналды. Белгіленген жоспар орындалды.

 

42

Орта арық каналын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық – сметалық құжаттамалары әзірленіп, ұсыныс енгізу

Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ерубай, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының теңгеріміндегі Ақкөл ауылының ішінен өтетін ұзындығы 7,618 шқ «Орта арық» каналы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының «Үнемді Қазақстан» атты 2 бағыты аясында қалпына келтірілетін нысандар тізіміне енген. Бүгінгі күні республикалық бюджеттен жұмыс жобасын әзірлеуге қаржы бөлдіру мақсатында нысандарды ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің теңгеріміне беру іс-шаралары жүргізілуде. Теңгерімге беру шаралары аяқталған соң, комитет тарапынан бюджеттік өтінім енгізілетін болады.

 «Қазсушар» РМК «Су шаурашылық жүйелерін автоматтандырудың  5 жылға арналған» жоспарына енді. Бағдарламаға сәйкес, Орта арық каналының су өлшеу бекеттері қайта жаңғыртылып, автоматтандыру жүйесімен толықтай жабдықталады.

43

Ақкөл ауылына квартал ішілік газ құбыры желісінің құрылысын салу (ЖСҚ дайын. МС №ЕО-0032/21, жоба құны 369 млн. 300 мың теңге) үшін ұсыныс енгізу

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Ақкөл ауылына кварталішілік газ құбыры желісінің құрылысын салу үшін  Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан республикалық бюджетке ұсыныс берілді.

44

Ақкөл ауылындағы мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына  жобалық – сметалық құжаттамасын дайындап, ұсыныс енгізу

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Мақұлбек, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

«Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығына қарасты Ақкөл, Бостандық, Ойық, Үшарал ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамасын алу үшін ағымдағы жылдың  25 наурыз күні №186 хатымен аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне барлығы 20 млн. 600 мың теңге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қазіргі таңда 8,5 млн. теңге бөлінді.

45

Ақкөл ауылы «Ақ отау» ықшам ауданының көше жолдарын асфальттау және абаттандыру жұмыстарына қаржы қарастыруға ұсыныс беру

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ж.Ратов

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

«Ақ отау» ықшам ауданының көше жолдарын асфальттау және абаттандыру бойынша Жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді, жоба құны 23 млн. 728 мың теңге. 2023 жылға «Ауыл – Ел бесігі» жобасына қаржы қарастыруға ұсынылады.

Қызыләуіт ауылдық округі

46

Қызыләуіт ауылының ішіндегі көшелерді жөндеу бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Г.Байкенжеев

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Қызыләуіт ауылының ішкі көшелерін  жөндеу бойынша  П.Есенбекұлы көшесіне 5 млн. 29 мың теңге, Мектеп көшесі жобалық сметалық құны 33 млн. 557 мың теңге, Есей  көшесіне 53 млн. 393 мың теңге, Е.Тұрлыбайұлы көшесіне  11 млн. 167 мың теңге, А.Құнанбайұлы көшесіне 46 млн. 531 мың теңге, А.Құнанбайұлы  көшесі 1 қиылысна 5 млн. 230 мың теңге, А.Құнанбайұлы  көшесі  2 қиылысна 3 млн. 665 мың теңге, А.Құнанбайұлы  көшесі 3 қиылысна  3 млн. 360 мың теңге және Д.Дүйсенбин   көшесі 2 қиылысна 3 млн. 360 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамалары дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім ұсынылған. Алдағы жылдарға кезең кезеңімен жөндеуге ұсыныстар берілді.

47

Қызыләуіт ауылынан «Жасыл белдеу» бойынша тал егуге ұсыныс беру

Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Г.Байкенжеев

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың сәуір айы

Қызыләуіт ауылынан «Жасыл белдеу» бойынша тал егуге арналған орынның жер учаскесі нақтыланып, мемлекеттік актісі алынып, құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны 7 млн.  207 мың теңге  аудан  әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне сәуір айында бюджеттік өтінім ұсынылды.

48

Қызыләуіт ауылындағы «Әбдрасіл» әуіт су қоймасын қалпына келтіру бойынша ұсыныс беру

Қызыләуіт ауылдық округінің әкімі Г.Байкенжеев

Қ.Серимов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың шілде айы

Қызыләуіт ауылындағы «Әбдірәсіл» әуіт су қоймасын қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып,  аудан әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бөджеттік өтінім ұсынылды. Жоба құны  8 млн. 235 мың теңге.

Бостандық ауылдық округі

49

Бостандық ауылының ішкі көшелерін жарықтандыру бойынша  жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеп, ұсыныс енгізу

Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов

Қ.Серимов аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың мамыр айы

Бостандық ауылының ішкі көшелерін жарықтандыру бойынша 8 көшеге ЖСҚ әзірленген. Аудандық бюджеттен 500 мың теңге қаражат бөлініп, 2 көшенің лампаларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

50

Талапты ауылына оптикалық интернет жүйесін тарту және ұялы байланыс операторларының интернет жылдамдығын арттыру

Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов

Қ.Серимов аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Е.Токтагулов, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Р.Нокрабековтың қатысуымен оптикалық интернет жүйесін, ұялы байланыс  интернет жылдамдығын арттыру бойынша 13 сәуір күні Бостандық ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының қатысуымен кеңес өтіп, тиісті мәселелер талқыланды.

51

Бостандық ауылынан спорт кешенін салу бойынша ұсыныс беру

Бостандық ауылдық округінің әкімі М.Рысдаулетов, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш.Рысбек

Қ.Серимов аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың шілде айы

Талас ауданы әкімдігінің сәулет,  құрылыс және қала құрылысы  бөлімінің басшысы Д.Жаманбаевқа спорт кешенін соғу үшін 0.6400 га жер теліміне жер таңдау актісін жасатуға 2022 жылдың 05 сәуір күні №115 шығыс хаты жолданды.

Бостандық ауылына дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрлысына Жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 5 млн. теңге қаржы бөлінді.  

Аққұм ауылдық округі

52

Аққұм ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің электр жарығын тарататын КТП-ны ауыстыру бойынша ұсыныс енгізу

Аудан әкімдігінің ТҮКШЖК және АЖ бөлімінің басшысы Е.Алтишев, Аққұм ауылдық округінің әкімі Б.Ошақбаев

Қ.Серимов аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың маусым айы

Талас аудандық электр жүйесі  тарапынан КТП-ға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 

53

Аққұм ауылындағы Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігіне көше жарықтарын орнату бойынша ұсыныс енгізу

Аққұм ауылдық округінің әкімі Б.Ошақбаев

Қ.Серимов аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың маусым айы

Т.Рысқұлов көшесінің екінші бөлігіне көше жарықтарын орнату бойынша жобалық сметалық құжаттары дайындалып, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2022 жылдың 11 сәуірінде  өтінім беріліп, қаржы бөлінді.

С.Шәкіров ауылдық округі

54

С.Шәкіров ауылдық округіндегі Қазақбай су қоймасына келетін арықты тазалау және нығайту бойынша тиісті ұсыныс енгізу

С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосын

М.Уристенов  аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың шілде айы

Қазақбай су қоймасына су келетін арықты өлшеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 665 метрді құрады.

Сонымен қатар, су қойманы нығайту жұмыстары бойынша су қойманың техникалық  жағдайларына зерделеу актісі жасалынған. Аталған жұмыстарды жүргізу бойынша ағымдағы жылдың 8 сәуіріндегі №63 шығыс хатымен «Жамбыл су қоймалары» КММ-не ұсыныс берілді. Мекеме тарапынан нығайту жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында жүргізу жоспарланды.

55

С.Шәкіров ауылындағы ауылдық кітапхана ғимаратын жөндеуден өткізу және газға қосу бойынша ұсыныс беру

С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосын

Қ.Серимов аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың қазан айы

С.Шәкіров ауылындағы ауылдық кітапхана ғимаратын жөндеуден өткізу үшін ауылдық округтен шыққан жеке кәсіпкерге сенімді басқаруға беру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Берілген жағдайда кәсіпкер тарапынан ағымдағы жөндеуден өткізіліп, газға қосу жұмыстары және келісім шартпен бекітілген уақыттан күтіп ұстау жұмыстары жүргізілетін болады.

56

С.Шәкіров ауылының тұрғыны Ж.Әлімбековтың азық-түлік дүкенін ашуға, тандыр нан жабуға пеш алуға грант алу мүмкіндіктерін қарастыру

Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Г.Татимбетова, С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Р.Бекбосын

А.Абдибекова

аудан әкімінің орынбасары

2022 жылдың шілде айы

Ж.Әлімбековтің  азық-түлік дүкенін ашу үшін өтініші қабылданып, 0,6 га жер телімі берілді.

Қайтарымсыз грант алу бойынша бизнес жоспары дайындалып, ағымдағы жылдың 29 наурызда №55 шығыс хатымен Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына арнайы ұсыныс берілді, қаржыландыру күтілуде.

 

Дата публикации
01 июля 2022
Дата обновления
01 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы