Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Жарияланған хабарландыру мазмұнына

персоналды басқару қызметі жауапты

 

 

Мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік

лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы

хабарландыру

 

 

26 сәуір  2022 жыл

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

 

Е-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына қарай

теңгеден

теңгеге дейін

E-R-1,

блок А-7

                            354069      

406714

          

           Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің аппараты,  индекс 080800, Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1 үй, 306-бөлме, телефон/факс: 8(72644) 6-22-11, электрондық пошта: talasapparat@mail.ru, Талас ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк  лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс  жариялайды:

           

  1. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы- 1 бірлік, санаты Е-R-1, (№01-15-01)

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Ауданның елді мекендерін дамыту және жаңғырту, салынып жатқан тұрғын үй, ғимараттар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, т.б. объектілерінің көркемдік шешімін табуын қамтамасыз етеді.  Өз құзыретi шегiнде аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің кешенді дамытудың бірыңғай стратегиясын жүргізеді. Пайдалануға берілетін объектілерді Заңда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Елді мекендердің бас жоспарының жобаларын әзірлейді, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Салынып жатқан объектілердің мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етілуін қадағалайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды.  Өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алуды үйлестіреді. Қала, ауылдық округі елді мекендерінің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

            Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар:  Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы: Құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе сертификаттау және стандарттау немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жобаларды басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың  өздері  қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы Достық алаңы, № 1 (3-қабат) 306  бөлме мекен-жайда орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 


 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

     

 

 _______________________________________

_______________________________________

___________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына  қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

          "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу  қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

 

      Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________

      _________________________________________________________________

 

                              ________                                                         ____________________________________

                                 (қолы)                                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

Дата публикации
27 апреля 2022
Дата обновления
27 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы