Талас ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың
І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
2022 жылдың І тоқсанында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшелері, аудандық әкімдіктің бөлімдері (сәулет,қала құрылысы және құрылыс; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; жер қатынастары; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; экономика және бюджеттік жоспарлау; дене шынықтыру және спорт; ауыл шаруашылығы; тұрғын-үй инспекциясы) және қала, ауылдық округтер әкімдері 41 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетті, оның ішінде: 6 қызмет баламалы негізде қағаз түрінде, 37 қызмет – электронды форматта көрсетілді.
2022 жылдың І тоқсанында 4 414 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғаларға – 4 368, заңды тұлғаларға - 46 қызмет). Соның ішінде:
- электронды түрде – 4 317 қызмет (жеке тұлғаларға – 4 274, заңды тұлғаларға - 43 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 97,8 %-ы);
- қағаз нысаны (баламалы негізде) – 97 қызмет (жеке тұлғаларға – 94, заңды тұлғаларға - 3 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 2,2%-ы).
Есепті кезеңде аудан әкімінің аппараты, аудандық әкімдіктің бөлімдері және қала, ауылдық округ әкімдерімен құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты мемлекеттік қызмет алушылардың 148-і дәлелді бас тартуға ие болды.
2022 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы негізінде (2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабы) Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №463-ө өкімі негізінде) 1 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді.