2022 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17315 болып тіркелді) Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2022 жылға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен көпшілік талқылауы үшін өз интернет-ресурстарына орналастырды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі интернет ресурста жарияланған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.
2022 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) ҚҚС қосқанда |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
«Талас-Адалдық алаңы» мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және әлеуметтік бейнероликтерді әзірлеу» |
1 500 000 |
«Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы |
Аудан тұрғындары |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар және бейнеролик әзірлеу |
|
2 |
«Отбасы институты тұлға мен қоғам арасындағы маңызды байланысты дамыту мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру» |
500 000 |
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдаманы» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
Аудан тұрғындары |
Отбасылық құндылықтарды арттыру және насихаттау |
|
3 |
«Діни сауаттылығын арттыру және деструктивті идеологиядан қорғау жөніндегі алдын-алу іс шараларын өткізу» |
1 000 000 |
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Аудан тұрғындары |
Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында іс-шара, бейнеролик түсіру |
|
4 |
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» |
500 000
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы №784 Қаулысы |
Аудан тұрғындары |
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және бейнеролик түсіру |
|
5 |
Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу |
500 000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 518 Қаулысы |
Аудан тұрғындары |
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу іс-шараларын әзірлеу |
|
6 |
«Этносаралық келісім және татулықты нығайту» |
500 000 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығы |
Аудан тұрғындары |
Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту
|
|
7 |
«Қоғамдағы әйелдердің рөлі» |
500 000 |
Қазақстан Республикасы |
Аудан тұрғындары |
Билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру |