2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы
15 тамыздағы №18 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда №17315 болып тіркелді) Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 2021 жылға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен көпшілік талқылауы үшін өз интернет-ресурстарына орналастырды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі интернет ресурста жарияланған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ескертулер мен (немесе) ұсыныстар қаралмайды немесе келесі қаржы жылында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде ескерілуі мүмкін.
2021 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Талас ауданы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру және деструктивті идеологиядан қорғау жөніндегі алдын алу іс- шараларын өткізу |
1000,0 |
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы |
Аудан тұрғындары |
Деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу мақсатында іс-шара, бейнеролик түсіру |
|
2 |
«Талас – Адалдық алаңы» мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру және әлеуметтік бейнероликтерді әзірлеу |
1000,0 |
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің) Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ-і басшысының бірінші басшысы Р.Төлебаевтың 29.01.2020 жылғы №8/11-2-470 хаты |
Аудан тұрғындары |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар және бейнеролик әзірлеу |
|
3 |
Отбасы институты тұлға мен қоғам арасындағы маңызды байланысты дамыту мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру |
1000,0 |
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдаманы» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары |
Аудан тұрғындары |
Отбасылық құндылықтарды арттыру және насихаттау |
|
4 |
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» |
1000,0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы №784 Қаулысы |
Аудан тұрғындары |
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және бейнеролик түсіру |
|
5 |
Ардагерлер ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша кешенді мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру |
1000,0 |
Қазақстан Республикасында аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары |
Аудан тұрғындары |
Ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету, іс-шаралар ұйымдастыру |
|
6 |
Жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын өткізу |
1000,0 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №518 Қаулысы |
Аудан тұрғындары |
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын әзірлеу |