Меню

Страницы

Статья

Ауданымызға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында кездесу өткізді.

Ауданымызға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы Айдапкелов келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында бөлім басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшыларымен кездесу өткізді.
♦Жиынды ашып, жүргізген аудан әкімі Қанатбек Мәдібек сайлау туралы заң жүйесімен қысқаша таныстыра келіп, алғашқы сөз кезегін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Дадабаевқа берді. Серік Ералыұлы 2021 жылы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айтарлықтай жұмыс атқарғанын мәлімдеп, аудандағы 30 сайлау учаскелерінде 193 комиссия мүшелері бар екенін баяндады. Сондай-ақ, «Nur Otan», «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл», «Ақ жол» партияларынан, 1 кәсіподақтан және 2 қоғамдық бірлестіктен Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5-тармағына сәйкес депутаттыққа 125 адам ұсынылғанын жеткізді. Сонымен қатар, Серік Дадабаев 2021 жылы ауылдық округтердің 8 әкімі өз өкілеттіліктерін тоқтатып, 3 жанама, 5 тікелей сайлау өткенін, осы 8 сайлауға елді мекендерден 3802 сайлаушы қатысқанын да баяндап өтті.
♦ Келесі кезекте сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Малкайдаров сайлау барысында билік органдары тарапынан болатын ықпалды жұмыстарға тоқталып, сайлау учаскелері мен комиссия мүшелерінің жұмысын саралады. Ал Аққұм ауылдық округінің әкімі Болат Ошақбаев 2017 жылдан бері осы қызметте келе жатқанын, 2021 жылы шілде айында елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған демократиялық жүйедегі ауыл әкімдері сайлауына ауыл тұрғындарының ұсынысымен Nur Otan партиясының атынан түскенін, 3 үміткердің ішінен өзіне ауылдағы 680 сайлаушының 629-ы дауыс беріп, ауыл әкімі болып сайланғанын баяндады.
♦ Аудандағы сайлау жұмысының барысымен танысқан Серғали Өмірзақұлы сайлаушылар тізімінде кеткен қателіктерді түзеу жұмысымен айналысу керектігін, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсіп, оның ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстарына көңіл бөлуді де тапсырды.

Дата публикации
03 марта 2022
Дата обновления
03 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы