Талас ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
12 айы бойынша ақпарат
2021 жылдың 12 айында Талас ауданы әкімдігіне бағынысты мекемелермен 48 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 3 қызмет - қағаз түрінде, 10 қызмет баламалы негізде қағаз түрінде, 32 қызмет – мемлекеттік корпорация арқылы, 42 қызмет – электронды форматта көрсетілген.
2021 жылдың 12 айында 17 113 мемлекеттік қызмет көрсетілсе (жеке тұлғаларға – 16 565, заңды тұлғаларға – 548 қызмет), оның ішінде:
- электронды түрде – 16 247 қызмет (жеке тұлғаларға – 15 708, заңды тұлғаларға – 539 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 95 %-ы);
- қағаз түрінде – 504 қызмет (жеке тұлғаларға – 504, заңды тұлғаларға – 0) (жалпы көрсетілген қызметтің 2,9 %-ы);
- қағаз нысаны (баламалы негізде) – 362 қызмет (жеке тұлғаларға – 353, заңды тұлғаларға - 9 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 2,1 %-ы).
Есепті кезеңде құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты мемлекеттік қызмет алушылардың 589-ы дәлелді бас тартуға ие болды.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.
Көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы бойынша:
2021 жылдың 12 айында аудан көлемінде 1 мемлекеттік қызмет түрі бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген 2 факті тіркелген. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу мақсатында күнделікті ХҚКО ЫАЖ Мониторинг жүйесі арқылы қатаң бақылау жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы негізінде (2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабы) Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №477-ө өкімі негізінде) 2021 жылы 8 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныс хаттар жолданып, мекемелер тарапынан ұсыныстарды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан тұрғындарына «Электронды үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын түсіндіру, қызмет көрсету бойынша 13 ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында және аудан орталығы Қаратау қаласы әкімінің аппаратында орналасқан «Сервистік әкімдік» орталығында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында» тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Талас аудандық бөлімімен бірлесіп, желілік кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қорытынды ақпараттар аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсының (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas?lang=kk) «Негізгі құжаттар» бөлімінде және мемлекеттік көрсетілетін 64 (алпыс төрт) қызметтің тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер интернет-ресурстың «Қызметтер» бөлігінде орналастырылды.
Талас аудандық Қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған жоспарына сәйкес, «2020-2021 ж. мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, оның ішінде сапасы мен қолжетімділігі және жалпы атқарылған жұмыстар» тақырыбында аудандық әкімдікке бағынысты мемлекеттік қызмет көрсететін 20 мекемені қамтыған 9 қоғамдық кеңес отырыстары өткізілген.
«Талас ауданы әкімдігінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етудің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылы 26 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп (жәрмеңкелер, насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 549 тұрғын қамтылды.