Меню

Страницы

Статья

ТАЛАС  АУДАНЫНДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ, АУЫЛДАРДЫҢ, КЕНТТЕРДІҢ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА ҚАТЫСАТЫН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ САЙЛАУ АЛДЫ ҮГІТ- НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН «TALAS tynysy» ГАЗЕТІНІҢ БЕТІНДЕ  ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

ТАЛАС  АУДАНЫНДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ, АУЫЛДАРДЫҢ, КЕНТТЕРДІҢ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУҒА ҚАТЫСАТЫН ҮМІТКЕРЛЕРГЕ САЙЛАУ АЛДЫ ҮГІТ- НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ҮШІН «TALAS tynysy» ГАЗЕТІНІҢ БЕТІНДЕ  ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ЖАЙЛЫ АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес аудандық «TALAS tynysy» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын көлемі 0,1 баспа табақтан аспайтын мақала түрінде жариялайды үгіт-насихат материалдарын кандидаттардың өздері дайындады.

 Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі мынадай құжаттар ұсынады:

1.Редакцияға кандидат немесе сенімді өкілдің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, мерзімі, уақыты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.

  1. Құжаттардың көшірмесі және жеке куәлігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидаттық куәлігі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.

Үгіт материалдарын жариялау тәртібі

Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екі жақты келісім- шарт жасасады.

Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен  кейін барып  жарияланады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі:

Кандидат үгіт материалының  мәтінін редакцияның  жарнама бөліміне «TALAS TYNYSY»  газетінің келесі саны жарыққа шығардан үш  жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс.  Материалдың мәтіні қағазға  басылып шығарылып, оған кандидат  немесе оның сенімді өкілі қол қою қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы  қоса болу керек. Берілген мерзімі, уақыты, тіркеу нөмері көрсетіліп, екі данамен шығарылған материалдың жазбаша  нұсқасының  біреуі газеттің жарнама бөліміне тіркеліп, екіншісін  тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.

Үгіт материалдарды жариялаудың төлем тәртібі:

Кандидат немесе оның сенімді өкілі  үгіт материалдарының  жариялану құнын 100 пайыз төлейді.  Төлемақы алдын ала  келісімшартта  қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына  аударылуы керек.

Қызмет көрсету құны

-1 (бір)  шаршы сантиметрі 150 (жүз елу) теңге, ҚҚС-сыз;

 

ПРАЙС-ПАРАҚША

«Талас аудандық «Талас тынысы»  газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, газеттің меншік иесі:

«TALAS tynysy» газеті (формат D2; шығу жиілігі аптасына 2 рет: сейсенбі,  жұма; тілі - қазақ, орыс; бір реттік таралымы 2027 дана);

Материалдарды орналастыру бағасы:

1 (бір) шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңге, ҚҚС-сыз

 

 

Дата публикации
16 ноября 2021
Дата обновления
16 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы