Талас ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
2021 жылдың ІІІ тоқсанында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімшелері, аудандық әкімдіктің бөлімдері (сәулет,қала құрылысы және құрылыс; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; жер қатынастары; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; экономика және бюджеттік жоспарлау; дене шынықтыру және спорт; ауыл шаруашылығы) және қала, ауылдық округтер әкімдері 48 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетті, оның ішінде: 3 қызмет - қағаз түрінде, 10 қызмет баламалы негізде қағаз түрінде, 32 қызмет – мемлекеттік корпорация арқылы, 42 қызмет – электронды форматта көрсетілді.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында 5 339 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғаларға – 5 135, заңды тұлғаларға - 204 қызмет). Соның ішінде:
- электронды түрде – 5 265 қызмет (жеке тұлғаларға – 5 062, заңды тұлғаларға - 203 қызмет) ( жалпы көрсетілген қызметтің 98,6 %-ы);
- қағаз түрінде – 20 қызмет (жеке тұлғаларға – 20, заңды тұлғаларға - 0) (жалпы көрсетілген қызметтің 0,4 %-ы);
- қағаз нысаны (баламалы негізде) – 54 қызмет (жеке тұлғаларға – 53, заңды тұлғаларға - 1 қызмет) (жалпы көрсетілген қызметтің 1%-ы);
Есепті кезеңде аудан әкімінің аппараты, аудандық әкімдіктің бөлімдері және қала, ауылдық округ әкімдерімен құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты мемлекеттік қызмет алушылардың 124-і дәлелді бас тартуға ие болды.
2021 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтер тіркелген жоқ.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы негізінде (2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабы) Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №477-ө өкімі негізінде) 2 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныс хаттар жолданды.