Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, 2021 жылдың 1 шілдесіндегі  жағдай бойынша инвестициялық қызметке жалпы шолу орналастырылған.  

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 маусымында басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12,8 трлн теңгені құрады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 12 769,15 млрд теңгені құрады. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 4,3 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде есептелген инвестициялық кірістіліктің жалпы көлемі 01.01.2021ж. мен 30.06.2021 ж. Аралығында 774,23 млрд. теңге болды, оның ішінде:

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2021 жылдың 1 шілдесіне ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберінде ҚР ҰБ (сенімгерлікпен басқарушы ретінде) инвестициялаудың негізгі бағыттары былайша берілген:

 ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 012,67 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 39,26%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары.  Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 8,9%, АҚШ долларында-жылдық 4,3% құрады.

 ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 750,89 млрд теңге (13,71 %).  ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,8%, АҚШ долларымен жылдық 5,5% құрады.

- шет мемлекеттердің бағалы қағаздары 1 224,52 млрд теңгені құрады. Олардың портфельдегі үлесі 9,59 пайыз. Есепті кезеңге БЖЗҚ зейнетақы портфеліндегі шет мемлекеттердің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 0,2% құрады.

 - 1 073,05 млрд теңге (8,40%) сомасына ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10% құрады.

- 1 211,80 млрд теңге (портфельдің 9,49%) мөлшерінде сыртқы басқарудағы активтер. 2021 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда өсім 48,41% құрады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 67,91%, АҚШ долларында – 32,02%, Ресей рублінде және өзге валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,07%.

Жыл басынан бері  ҚРҰБ алған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

- бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар және "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кірістер 436,43 млрд теңге;

- бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 83,77 млрд теңге;

- шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 44,36 млрд теңге;

- сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер 98,63 млрд теңге;

- өзге де кірістер 110,95 млрд теңгені құрады.

Осылайша,  инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондайақ, шетел валютасының құбылмалығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2021 жылдың басынан есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 774,14млрд теңгені құрады. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,10% құрады. 

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған. 

Дата публикации
17 августа 2021
Дата обновления
17 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы