Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлауына қатысатын үміткерлерге сайлауалды үгіт –насихат жұмыстарын жүргізу үшін «TALAS tynysy» газетінің бетінде баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі

Талас ауданы ауылдық округтері әкімдерін сайлауына қатысатын үміткерлерге сайлауалды үгіт –насихат жұмыстарын жүргізу үшін «TALAS tynysy» газетінің бетінде баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі

ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабы­ның 3-тармағына сәйкес «TALAS tynysy» газеті редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материал­дарын 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде жариялайды. Үгіт материалын үміткердің өзі дайындайды.

Үгіт материалын газетке ұсыну үшін тір­келген кандидат немесе оның сенімді өкілінен сұралатын қажетті құжат:

  1. Редакцияға кандидат немесе сенімді өкіл­дің толық аты-жөні, тіркелу нөмірі, күні, сағаты, сайлау округі толық жазылған, кандидат немесе сенімді өкілдің қолы қойылған жазбаша өтініш береді.
  2. Құжаттардың көшірмесі және жеке куә­лігі нотариалды бекітіліп берілуі керек. Онда кандидаттың жеке куәлігі және кандидат куәлі­гі, сенімді өкілдің жеке куәлігі және сенімді өкілдігін растайтын куәлігі қоса болуы қажет.

ҮГІТ МАТЕРИАЛЫН

ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ

Редакция тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін баспасөз бе­тінен орын береді. Кандидаттардың газетке шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе, материалдардың   жариялану реті жеребе бойынша белгіленеді. Жазбаша  өті­ніш редакцияға келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде лайықты орын берілгені үшін «TALAS tynysy» газеті және кандидат мақаланың жариялану ақысы жайында екі жақты келісім-шарт жасасады.

Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есеп шотына жүз пайыз көлемінде түскеннен кейін барып бір-ақ жарияланады.

 Үгіт материалдарын жариялаудың басталуы 2021 жылдың 14 шілде сағ. 18.00-ден кейін, аяқталуы 2021 жылы 24 шілде 00.00 сағатқа дейін.

ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН

ҰСЫНУДЫҢ ТӘРТІБІ

Кандидаттар немесе олардың өкілдері үгіт материалының мәтінін редакцияға «TALAS tynysy» газетінің кезекті саны жарыққа шықпай тұрып, үш күн қалған мерзімге дейін ұсынуы тиіс.

Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар, электронды нұсқасы қоса болуы керек. Берілген күні және тіркеу нөмірі көрсетілген материалдың жазбаша нұсқасы редакцияға екі данамен тапсырылып, оған редакция тарапынан қабылданған күні, уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні, қызметі жазылып, қол қойылады. Мәтіннің біреуі редакциясында тіркеліп, екіншісін тапсырыс берушінің өзі алып кетуі тиіс.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары жарияланбайды.

ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН

ЖАРИЯЛАУДЫҢ ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

 Талас ауданы ауылдық округ әкіміне үміт­керлер немесе олардың сенімді өкілі үгіт мате­риалының жариялану құнын жүз пайыз тө­лейді. Төлемақы редакцияның алдын ала келісім-шартта қарастырылғандай төлем жүргізеді.

Газет сейсенбі, жұма күндері аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде шығады. Форматы – D2. Бірінші және соңғы беті түрлі-түсті. Таралымы – 2009 дана.

Үгіт материалдарының төлем мөлшері:

- Ішкі айқарма бетке (ақ-қара түсті) – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңге ҚҚС-мен.

- Соңғы түрлі-түсті бетке – 1 (бір) шаршы сантиметр 160 (жүз алпыс) теңге ҚҚС - мен.

 

 

Дата публикации
01 июля 2021
Дата обновления
01 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы