2021 жылғы 25 маусымда Талас ауданының сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Жамбыл ауданының Аққұм, Бостандық, Ойық, Қызыләуіт ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы"шешім қабылданды.
Ағымдағы жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды. Өзгерістер аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуді көздейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жиырма бес жастан төмен емес Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан төрт жыл мерзімге қызметке сайлайды.
Күнтізбелік жоспардың негізгі кезеңдері туралы Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев баяндама жасады.
Оның айтуынша, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, және сайлау өтетін күннен он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 9 шілдеде аяқталады.
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде, яғни 14 шілдеде аяқталады.
Сайлау қорытындылары аудандық сайлау комиссиясының отырысында учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.