Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау қызметіне үміткерлердің назарына!

 

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдардың күші жоюлына байланысты, сонымен қатар, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қолданысқа енгізілуіне байланысты заңнамалық актілер тізбесіне «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтардың тестілеу бағдарламаларына төмендегідей өзгерістер енгізіледі:

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеудің I және II бағдарламалары бойынша: «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарды білуге сұрақтардың орнына тестте енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтар қойылатын болады;

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеудің III бағдарламасы бойынша: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңды білуге арналған сұрақтардың орнына тестте енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтар қойылатын болады;

Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеудің                               I бағдарламасы бойынша: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңды білуге арналған сұрақтардың орнына тестте енді Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті білуге арналған сұрақтар қойылатын болады;

Қалған бағдарламалар өзгертуге жатпайды.

Жоғарыда аталған өзгерістер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы