АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі 2021 жылдың 7 шілдеде сағат 11:00-де жер телімдерін жалдау құқығын сатуға АУКЦИОН өткізеді. Аукцион өткізілетін мекен-жай: Қаратау қаласы, А.Шейн көшесі, 47, Қаратау қаласы әкімінің аппараты, 2 қабат, мәжіліс залы.
Сатылатын жер телімі: уақытша жер пайдалану.
Сатылымға қойылатын жер телімдерінде шектеулер мен ауыртпашылықтар жоқ.
Сатылымға қойылатын жер телімдеріне қойылатын салық мөлшері:
Аукционды өткізу шарты:
Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамның өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Ағылшындық әдіс – аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы қолайлы болуы үшін объект бағасын осы қадамның жартысынан аспайтын шамаға дейін дөңгелектейді. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.
Кепілдік жарнаның сомасын және оны енгізу тәртібі:
Аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Кепілдік жарна Депозиттік шот, «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі БИК KKMFKZ2A; ИИК KZ460705034631759006; КБК - 303202; БИН 060240009497, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық комитеті Жамбыл облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Талас аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тіркелу: Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды. Акуционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет: 1) аукционға қатысу үшін өтінім, 2) кепілдік жарнаны енгізілгенін растайтын төлем құжаты, 3) өкілдің өкілеттіліктерін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады. Сауда-саттыққа өтініш қабылдау мына мекен жайда жүргізіледі: Қаратау қаласы, А.Шейн көшесі №47, Жер қатынастары бөлімі, 1-қабат.
Аукционның өткізілуі жөніндегі қосымша ақпараттарды мына 8(72644) 4-01-46, 4-01-45 телефондары арқылы білуге болады.
Сауда-саттыққа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі
(аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізіледі)
|
Лот № |
Жер учаскелерінің орналасқан жері |
Лот |
Нысаналы мақсаты |
Көлемі (га) |
Жер учаскесінің бастапқы бағасы (теңге) |
Кепілдік жарна 50 АЕК (теңге) |
Құқық түрі |
Жер телімдеріне шектеулер мен ауыртпалықтар |
|
1 |
Қаратау қаласы, 3 шағын ауданы №37 А мекен-жайынан |
1 |
үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін |
0,0620 |
17 038 |
145 850 |
уақытша 3 жыл мерзімге |
жоқ |
|
2 |
Қаратау қаласы, 3 шағын ауданы №20 А мекен-жайынан |
2 |
үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін |
0,0970 |
26 656 |
145 850 |
уақытша 3 жыл мерзімге |
жоқ |
|
3 |
Қаратау қаласы, Ақшораев көшесі №1 В мекен-жайынан |
3 |
үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін |
0,0200 |
5 496 |
145 850 |
уақытша 3 жыл мерзімге |
жоқ |
|
4 |
Ақкөл ауылы С.Шәкіров көшесі №68 мекен-жайынан |
4 |
үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін |
0,0300 |
3 033 |
145 850 |
уақытша 3 жыл мерзімге |
жоқ |