Меню

Страницы

Статья

«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» облыстық семинар – кеңес болып өтті.

Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойғаны мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Талас аудандық сайлау комиссиясының ұйытқы болуымен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» облыстық семинар – кеңес болып өтті.

 

21 маусым аудан орталығы Қаратау қаласы Балалар өнер мектебінде санитарлық талаптарға сәйкес өткізілген жиынға облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әбдіре Марат Әбдірәсілұлы, Талас ауданы әкімінің аппарат басшысы Ргебаев Ерім Ғалымұлы, бірқатар тиісті бөлім басшылары, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты.

Марат Әбдірәсілұлының төрағалығымен өткен семинар – кеңес барысында әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, науқанды қаржыландыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қаралды.

Семинар – кеңес бағдарламасына сай, Талас аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Дадабаев Серік Ералыұлы «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері»,

аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Сардеков Ғани «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге қатысты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулерді іс жүзіне асыру туралы», «Әкімдерді сайлау мәселелері бойынша түзетулерді іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының заңға тәуелді актілері туралы» баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, аудан әкімінің аппарат басшысы Ерік Ргебаев «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен өзара іс – қимылы туралы» сөз қозғаса, аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Сиқымбай Сандуғаш «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау құжаттары нысандарының жобалары» жайлы баяндап берді. Ал, аудандық сайлау комиссиясы мүшесі Құрманбаев Азамат «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарының жобасы туралы», аталмыш комиссия хатшысы Сардеков Ғани «Ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлау науқанын қаржыландыру мәселелері» жайында хабарлама жасады. Бас қосуда сұрақ-жауапқа кезек беріліп, өзара пікір алмасқан кеңес қатысушыларына әдістемелік ойын ұйымдастырылды.

Кеңес барысында Әбдіре Марат Әбдірәсілұлы сайлау жүйесінің және сайлауды ұйымдастыруға тартылған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдында тұрған үлкен міндеттерді толыққанды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелерінен құзыреттілікті, жұмыстарының үйлесімділігін ерекше талап ететінін жеткізді.

- Жергілікті атқарушы органдарға сайлаушылармен сайлау өткізуде біраз міндеттер жүктелген. Біріншіден - сайлау рәсімдерін мүлтіксіз сақтап, сайлауды заңнамаға сәйкес өткізуді қамтамасыз ету. Екіншіден – сайлау күні санитарлық нормаларды сақтау мәселесіне айрықша көңіл бөлу. Үшіншіден, сайлауға қатысатын сайлаушылардың тізімін айқындау және нақтылау жұмыстарының дұрыс болуы. Төртіншіден, сайлаушыларды тасымалдау мәселесі мен үйде дауыс беретін сайлаушыларды қамту мәселесіне жіті назар аудару. Соңғысы, әлеуметтік – саяси ахуалдың тұрақтылығы, - деді Марат Әбдірәсілұлы.

Бұған қоса шарада «Пандемия жағдайында ауылдық деңгейдегі әкімдердің сайлауын өткізу туралы» аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы  басшысы Маханова Гүлмира, «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» жөнінде аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Малқайдаров Есенгелді.

Семинар соңынан оған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Дата публикации
24 июня 2021
Дата обновления
24 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы