Меню

Страницы

Статья

Ақпарат парағы

2021 жылдың 10 маусымында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. 

         Семинар кеңеске Облыс әкімінің аппрарат басшысының орынбасары, бас инспекторы, аумақтық және сайлау өткізілетін сайлау округтеріндегі учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары, аудан әкімдері аппараттарының басшылары, аудан әкімдерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ сайлау процесін даярлап өткізуге өкілеттігі бар  бірқатар мемлекеттік мекемелер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының проректоры; Облыстық СЭС орынбасары; ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы; Облыстық прокуратура өкілі; Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің өкілі; Саяси партиялардың төрағалары мен өкілдері қатысты.

 

Барлығы: 257 адам қатысты

 

Олардың ішінде: Облыс әкімінің аппрарат басшысының орынбасары және бас инспекторы:-2.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшелері: 7.

Аумақтық сайлау комиссияларының төрагаларымен хатшылары:- 22.

Учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен хатшылары:-196.

Аудан әкімдерінің аппарат басшылары:-10.

Аудан әкімдерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары-10.

Мемлекеттік органдардан:-5.

 Саяси партиялардың облыстық филиалдарының орынбасарлары:-5.

 

Семинар-кеңесті Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық және ұйымдастырушыллық аспектілері» тақырыбында дәріс оқып, алда келе жатқан саяси науқанның ерекшелігі мен маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

 

Аумақтық сайлау комиссияларының  сертификатталған тренерлері кеңеске қатысулар алдында дәріс оқып, қойылған сұрақтарына толықтай жауаптарын берді.

Комиссия мүшелерінің оқыту бағдарламасынан алған білімдерін шыңдау мақсатында олармен тестілеу ұйымдастырылды,тапсырғандары тиісті сертификаттарын алды.

Жиын соңында Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов отырысты қорытындылап, АСК төрағаларына осындай оқыту-семинарларын каскадтық әдіспен аудандық деңгейде өткізуді тапсырды.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы