Меню

Страницы

Статья

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауындағы тапсырмаға сайлау туралы заңға өзгерістер еңгізілген болатын.

Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыстық ақпараттық топ мүшелері Аққұм, Бостандық, Ойық және Қызыләуіт ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарына өзгеріске енген заңнамаларды таныстырды.
         Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Дадабаев тұрғындарға жиынның мәні мен мағынасын түсіндіре келе, сайлау өткізуде ең алғаш санитарлық талапты сақтау маңызды екенін айтты.
- Төрт ауылдық округінде сайлау комиссиясы құрылған. Аталған комиссия мүшелері науқан уақытында жұмыс жүргізеді. Бірақ, комиссия мүшелері кандидатпен туыс болған жағдайда сайлау заңнамасына сәйкес аустырылады, - деді Серік Ералыұлы.

         Келесі кезекте Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы С.Толепбергенов кандидатқа қойылатын талаптарға тоқталды.
-Кандидат жоғары оқу орнын аяқтаған, мемлекеттік қызметте, оның ішінде басшылық қызметте еңбек өтілі екі жылдан кем емес болуы шарт, - дей келіп, мемлекеттік қызметте санаттары бар азаматтардың кандидат ретінде ұсынылатындығын жеткізді.
         Ал, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі С.Қойшыбаев өзгеріске енген Конституцияның 139,140 тармақтарын таныстырып, сайлау өткізуде қойылатын талаптар мен заңдылықтарын баяндады.
          Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің бас инспекторы А.Мұстафа, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Д.Тұрмаханбетов және Талас ауданы әкімі аппараты ұйымдастыруинспекторлық бөлімшесінің басшысы Ғ.Тоқмырзаев кандидаттың функционалдық міндеттері жөнінде түсінік берді.

         Жиында тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қабылданды.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы