Бөлім тарапынан 2021 жылдың қаңтар айында ауданнан 265,5 млн. теңгеге 33 жоба тізімі жасалынып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жұмыс үшін жолданған.
2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на Талас ауданынан 41,4 млн. теңгеге 11 өтінім білдірілген, оның ішінде: 30,3 млн. теңгенің 8 жобасы оң шешім алған, 11,1 млн. теңгенің 3 жобасы қарауда.
Ауылдық жерлерде мал шаруашылығын дамыту үшін несие алған жоба иелерімен барлығы 11 бас ІҚМ, 110 бас уақ мал, 42 бас жылқы сатып алынған.
А.ж. басынан бері «Әулие – ата НС» ЖШС-не 19,0 млн. теңгені құрайтын 3 жоба иелері құжаттарын өткізген. Оның ішінде: 14,0 млн. теңгенің 2 жобасы оң шешімін алса, 5,0 млн. теңгенің 1 жобасы серіктестік қарауында жатыр.
Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде Қаратау моноқаласынан 147,0 млн. теңге сомасына кредит алуға 18 үміткердің тізімі жасалып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды.