2021 жылдың қаңтар айында Бағдарламаның шарттарымен 18 үміткер 147,0 млн. теңгеге несие алуға ниет білдіріп, үміткерлердің тізімі екінші деңгейдегі банктерге жолданды. Несие мақсаттары – инвестиция және айналым қаражатын толықтыру.
- Бағдарламаның несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау құралы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен берілетін портфельдік субсидиялау бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алу үшін ауданнан Екінші деңгейлі банктер арқылы 23,0 млн. теңге қаражатқа 6 кәсіпкер қол жеткізді.
- «Банктік несиелер бойынша кепілдендіру» құралы бойынша ауданнан бағдарлама аясында 245,7 млн. теңге сомасына 13 жоба өтінім берді, оның ішінде 232,2 млн. теңге сомасына кепілдіктер берілді
- 3. Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады.