Әлеуметтік қорғау
(01.04.2021ж.)
2021 жылы жалпы әлеуметтік көмек түрлеріне 800 191,0 мың теңге қаралған. Оның ішінде: атаулы әлеуметтік көмекке 646 501,0 мың теңге, кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 45 000,0 мың тг., тұрғын үй көмегіне 45 000,0 мың теңге, біржолғы әлеуметтік көмекке 44 729,0 мың теңге, қатты отынға 18 961,0 мың тг..
Нәтижесінде 2021 жылдың І тоқсанда төмендегі көрсеткіштерге қол жеткізілді:
Атаулы әлеуметтік көмек
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 810 (АӘК) отбасындағы 5760 адамға (бала саны 3998) 646 501,0 мың теңге жоспарланды (РБ-546 501 мың теңге, ЖБ-100 000,0 мың теңге).
АӘК-ті тағайындау барысында ескерілетін кедейшілік шегі 2021 жылдың 1-ші тоқсанына 21 699 теңге болып бекітілді.
2021 жылдың 3 айында 383 отбасындағы 2 042 адамға (1369 бала) 43 863,7 мың теңге (РБ) тағайындалып, толық төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама
Ағымдағы жылы Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы балаларға (бір жастан алты жасқа дейінгі) берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға барлығы 45 000,0 мың теңге (РБ – 45 000,0) қаралып, 810 отбасындағы 3998 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы алады деп жоспарлануда.
2021 жылдың алғашқы 3 айында 292 отбасындағы 485 балаға (1-3 жас аралығында 240, 3-6 жас аралығында 245 бала) 9 012,4 мың теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалып, азық-түлік топтамасы мен гигиеналық құралдар толық үлестірілді.
Біржолғы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі
Тұрғын үй көмегіне 45 000,0 мың теңге қаралған. 2021 жылдың 3 айында 184 отбасындағы 913 адамға 3 788,1 мың теңге тағайындалып, қаржылық жоспарға сәйкес оның 2 600,0 мың тг. төленді.
Біржолғы әлеуметтік көмек – ағымдағы жылға 25 859,0 мың теңге қаралған.
2021 жылдың 3 айында біржолғы әлеуметтік көмек 69 адамға 4 252,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді.
Талас аудандық мәслихатының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 71-6 шешімімен бекітілген «Қағидаға» сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаториялық емделуде жүрген 9 науқасқа облыстық бюджеттен 620,0 мың теңге тағайындалып, толық төленді. Біржолғы әлеуметтік көмек беру бойынша 60 адамға 3 632,0 мың теңге тағайындалып, 2 026,0 мың теңгесі төленді.
Қатты отын – ауылдық жердегі 1 300 әлеуметтік сала маманына 18 961,0 мың тг. қаралған, 2 жартыжылдықтан төленеді.
Тұрғын үй көмегі, Біржолғы әлеуметтік көмек және атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру, тағайындау жолдары туралы «Талас тынысы» газетіне а.ж. қаңтар-ақпан айларында мақала жарияланған.
Мүгедектерді оңалту құралдарымен және қызметтерімен
қамтуды арттыру бойынша
2021 жылдың І – тоқсанында бөлімге мүгедектер тарапынан оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамту бойынша барлығы 872 өтініш келіп түсіп, оның 730 көмекпен қамтылды немесе 83,7 пайызға орындалды (2020 жылдың І – тоқсанында 681 құралдар мен қызметтерге өтініш түсіп, оның 514 орындалды, яғни 75,5 пайызды құрады). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,2 пайызға артқан.
Қолжетімді орта құру туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №213 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, аудан бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді орта қалыптастыру үшін бейімделетін нысандар тізімі бекітіліп, 2012-2020 жылдар аралығында аудан бойынша жоспарға сәйкес барлығы 83 нысан бейімделді.
2021 жылы 19 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Жұмыспен қамту
Статистикалық мәліметке сәйкес 2019 жылы жұмыссыздық деңгейі Жамбыл облысы бойынша 4,9 % белгіленсе, ол Талас ауданында 4,8 % құраған.
2020 жылдың жұмыссыздық деңгейінің пайызы 2021 жылдық 1 тоқсанында статистика басқармасымен анықталатын болады.
Бағдарламаның I-ші бағыты: қысқа мерзімді кәсіптік оқу, қайта даярлау – 2021 жылға жұмыссыздар арасынан нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға 30 адамды қайта даярлау үшін облыстық бюджеттен 6 760,0 мың тг. қарастырылды. Қаржылық жоспарға сәйкес оқу курсы 2 тоқсаннан, яғни мамыр айынан бастап жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда «Бағдарламашы» - 15, «Автокөлік жөндеу слесарь» - 15 мамандықтары бойынша 10 жұмыс беруші тарапынан өтінім берді, 30 үміткер тізімі қалыптастырылды (Қаратау қаласы-24; 6-ауылдық окрутер).
Бағдарламаның II-ші бағыты: 2021 жылы "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау операторы арқылы 280 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда.
«Еңбек» бағдарламасы аясында барлығы 60 адамға 210,0 млн. теңге несие беру жоспарлануда.
Облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевтың бұрыштамасымен, 2021 жылға бекітілген кесте бойынша бөлінген қаржыға сәйкес «АШҚҚҚ» АҚ 15 адамға 66,0 мың теңге және «АНК» АҚ 12 адамға 58,0 мың теңге арқылы 27 адамға 121,0 мың теңге несие беруге қаржы бөлінген.
Қазіргі таңда 16 кәсіпкер 67,5 мың теңге несие алуға жолданды. Соның ішінде 3 кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу мерзімі 3 жылдан асқан, бағдарлама талабына сәйкес несие алғаннан кейін тұрақты жүмыс орнын ашуға тиісті.
Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жұмыссыздар, аз қамтылған, көпбалалы отбасылар арасынан 150 адамға 200 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру үшін 87 510,0 млн. тг. қаралып, сәуір айынан комиссия шешімі негізінде тағайындау жоспарлануда.
Қазіргі таңда 156 үміткерлер тізімі қалыптастырылған. (37 -жастар, 0 -жұмыссыз, 1- көп балалы, 0- мүгедек, 10-АӘК алушы, 108 жеке күнкөріс)
Ағымдағы жылы 350 адамға 204 190,0 мың теңгеге қосымша сұраныс берілді.
Бағдарламаның III-ші бағыты аясында:
1) Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 150 жұмыс орынға 46 144,0 мың теңге: (ЖБ 24 640,0 мың тг. 80 орын, РБ 21 504,0 мың тг. 70 орын) жоспарланған.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 150 адам жолданып, І-тоқсандағы жұмысына 9755,0 мың тг. есептеліп, төленді.
2) Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 55 орынға 40 020,0 мың теңге: (ЖБ 8 751,0 мың тг. 20 орын, РБ 31 269,0 мың тг. 35 орын) жоспарланған.
Жастар практикасына 50 адам жолданып, І тоқсандағы жұмысына 10 763,0 мың тг. есептеліп, игерілді.
3) Қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға бюджеттен 565 243,0 мың теңге (ОБ 360 003,0 мың тг., ЖБ 205 240,0 мың тг.) жоспарланған.
Қоғамдық жұмыстарға 380 адам жолданып, есепті мерзімге есептелген 60,0 млн. теңге қаржы толық игерілді.
Талас ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі