Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Талас ауданы әкімінің аппараты

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

І тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

2021 жылдың І тоқсанында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс, ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімшелері, аудандық әкімдіктің бөлімдері (сәулет,қала құрылысы және құрылыс; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; жер қатынастары; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; экономика және бюджеттік жоспарлау; дене шынықтыру және спорт; ауыл шаруашылық) және қала, ауылдық округтер әкімдері 42 мемлекеттік қызмет түрі бойынша қызмет көрсетті, оның ішінде: 3 қызмет - қағаз түрінде, 8 қызмет баламалы негізде қағаз түрінде, 30 қызмет – мемлекеттік корпорация арқылы, 39 қызмет – электронды форматта көрсетілді.

2021 жылдың І тоқсанында 5 266 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғаларға – 5 148, заңды тұлғаларға - 118 қызмет). Соның ішінде:

- электронды түрде – 4 694 қызмет (жеке тұлғаларға – 4 577, заңды тұлғаларға - 117 қызмет) ( жалпы көрсетілген қызметтің 89,14 %-ы);

- қағаз түрінде – 454 қызмет (жеке тұлғаларға – 454, заңды тұлғаларға - 0) (жалпы көрсетілген қызметтің 8,62 %-ы);

- қағаз нысаны (баламалы негізде) – 118 қызмет (жеке тұлғаларға – 117, заңды тұлғаларға - 1 қызмет) ( жалпы көрсетілген қызметтің 2,24%-ы);

         Есепті кезеңде аудан әкімінің аппараты, аудандық әкімдіктің бөлімдері және қала, ауылдық округ әкімдерімен құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты мемлекеттік қызмет алушылардың 211-і дәлелді бас тартуға ие болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.

Көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы бойынша:

2021 жылдың І тоқсанында аудан көлемінде 1 мемлекеттік қызмет түрі бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген 2 факті тіркелген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы негізінде (2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабы) Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №477-ө өкімі негізінде) 2021 жылы 2 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныс хаттар жолданды.

Дата публикации
19 апреля 2021
Дата обновления
19 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы