Талас ауданы әкімінің аппараты
2020 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы қысқаша есеп
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесі, аудандық әкімдіктің бөлімдері (сәулет,қала құрылысы және құрылыс; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары; жер қатынастары; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; экономика және бюджеттік жоспарлау; дене шынықтыру және спорт; ауыл шаруашылық) және қала, ауылдық округ әкімдері 79 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсетті, оның ішінде: 32 қызмет – мемлекеттік корпарация арқылы, 70 қызмет – электронды форматта көрсетілді.
2020 жылдың 12 айында 26 534 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке тұлғаларға – 26 236, заңды тұлғаларға - 298 қызмет). Соның ішінде:
- электронды түрде – 18383 қызмет (жеке тұлғаларға – 18111, заңды тұлғаларға - 272 қызмет) ( жалпы көрсетілген қызметтің 69,28%-ы);
- қағаз түрінде – 2102 қызмет (жеке тұлғаларға – 2086, заңды тұлғаларға - 16 қызмет) ( жалпы көрсетілген қызметтің 7,92%-ы);
- қағаз нысаны (балама түрде) – 6049 қызмет (жеке тұлғаларға – 6039, заңды тұлғаларға - 10 қызмет) ( жалпы көрсетілген қызметтің 22,8%-ы);
Есепті кезеңде аудан әкімінің аппараты, аудандық әкімдіктің бөлімдері және қала, ауылдық округ әкімдерімен құжаттардың толық емес пакетінің ұсынылуына немесе толық емес толтырылуына байланысты мемлекеттік қызмет алушылардың 263-і дәлелді бас тартуға ие болды.
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түспеген.
Көрсетілетін қызметтердің мерзімдерінің бұзылуы бойынша:
2020 жылы аудан көлемінде 3 қызмет түрі бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген 16 факті тіркелген. Атап айтқанда, аудан әкімдігінің тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 14, аудан әкімдігінің білім бөлімі бойынша 2 мемлекеттік қызметтің мерзімі бұзылып көрсетілген. Бөлімнің сектор меңгерушісі, 2 бөлімнің бас мамандарына алдыңғы уақытта кемшіліктер жібермеу үшін тәртіптік жазалар қолданылды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы негізінде (2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 11-бабы) Талас ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес (аудан әкімінің 2019 жылғы 06 желтоқсандағы №701-ө өкімі негізінде) 2020 жылы 7 мекемеге ішінара тексеру жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ұсыныс хаттар жолданды.
Аудан әкімдігінің ресми (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas?lang=kk) сайтында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" атты арнайы тарау жұмыс істеуде. Онда қызмет алушыларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары, қағидалары, атқарылған жұмыстар және қызмет көрсету мекемелерінің мекен-жайлары туралы ақпараттар жүктеледі.
Талас ауданы әкімдігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Талас аудандық бөлімімен бірлесіп «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру бойынша аудан тұрғындарына «telegrambot», «egov mobile», «mgov» мобильдік қосымшаларын қалай пайдалануға болатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы 76 (2019 жылы 92) іс - шара өткізілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәртібі туралы аудан әкімі аппараты және аудан әкімдігінің бөлімдері тарапынан бүгінгі таңда 7 шағын бейнеролик әзірленді. Қазіргі таңда аудан әкімідігінің жер қатынастары, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне шағын видеороликтер түсіру үшін бюджеттік өтінім тапсыруға тиісті нұсқаулар берілді.