Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік. өнеркәсіп және туризм бөлімінің кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына атқарылған жұмыстары туралы
АНЫҚТАМАСЫ
Кәсіпкерлік бойынша:
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2653 субъектісі тіркелген (2019 жылы 2518), олардың 171 шағын-орта кәсіпорын (2019 жылы 156), 1645 дара кәсіпкер (2019 жылы 1550) және 837 шаруа қожалықтар (2019 жылы 812). Осы тіркелген субъектілердің 2114 немесе 79,7 пайызы жұмыс істейді (2019 жылы 2127 немесе 84,5). Талдайтын болсақ, жұмыс істейтіндер 2114 (2019 жылы 2127), 121 шағын кәсіпорын (2019 жылы 108), дара кәсіпкер 1193 (2019 жылы 1240) және 800 шаруа қожалықтар (2019 жылы 779).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субьектілерінің саны 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2114 (2019 жылғы саны 2127 сәйкес кезімен салыстырғанда) 99,3 пайыз орындалған, 0,7 пайызға төмендеген.
Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 2020 жылдың 12 айында стат мәлімет шыққан жоқ. 2020 жылдың 1 шілдесіне 4038 (2019 жылы 3341) адам оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 701 адам, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 0 адам, дара кәсіпкерлікте 1962 адам және шаруа қожалығында 1222 адам жұмыспен қамтылғандар.
Ағымдағы жылы 2020 жылдың 01 шілдесіне ШОК субъектілерімен өнім шығарылымы 5740 (2019 жылы 3534) млн тенге, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 4371 млн тенге, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 0 млн теңге, дара кәсіпкерлер 412,0 млн теңге және шаруа қожалықтар 957,0 млн теңге.
Өнеркәсіп саласы бойынша:
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22631,6,4 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2019 жылы-22594,9 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 36,7 млн.теңгеге артып немесе 100,2 %-ға орындалады. Нақты көлем индексі 101,7 пайыз.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22594,9 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,6 %-ды құраған.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өңдеу өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14832,984 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда (2019 жылы-14663,9 теңге), өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 169,084 млн.теңгеге артып немесе 101,2 %-ға орындалады. Нақты көлем индексі 101,5 пайыз. Индикатор орындалды.
Кәсіпорындарды талдайтын болсақ: «Талас Инвестмент Компании» ЖШС-і ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқан айларында 12550 (2019 жылы 11624) тонна цианид натрий және 3453 (2019 жылы 2341) тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 12440,4 млн тенгені (2019 жылы 11011,4) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 1429,0 млн. теңгеге артық, ал заттай цианид натрий 900 тоннаға артық, ал аммони сульфаты 1100 тоннаға артық орындалды.
Ағымдағы жылдың 12 айында "TalasInvestment Company" ЖШС-мен натрий цианиді 12550 тонна 12440,442 млн теңге, амонный сульфаты 3453 тонна 176,122 млн теңге өндірілді, натрий цианиді 10874 тонна 10905,390 млн теңгесі жүзеге асты. Оның "TalasInvestment Company" ЖШС-мен экспортқа барлығы натрий цианиді 6199,664 млн.теңгеге 6100 тонна тиелді, ол жалпы өндірілген өнімнің 49,8% құрап, Тәжікстан Республикасына, Ресейге экспортталды. Ішкі нарыққа натрий цианиді 4705,726 млн.теңгеге 4774 тонна тиелді. Амонный сульфаты 1895 тонна, 113,467 млн теңге жүзеге асты.
«Жамбыл недр» ЖШС ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айларында жұмыс жасаған жоқ ,(2019 жылы 18500 тонна цемент өндірген) ақшалай өнім өндірілмегендіктен қаражат жоқ (2019 жылы 288,61 млн. теңге).
«Қаратау Про» ЖШС 3579 (2019 жылы 4019) тонна карбонат кальций, 79139 (2019 жылы 67847) тонна мәрмәр ұнтағының ұны, 14320 (2019 жылы 7278) тонна мәрмәр ұнтағы,ақшалай 828,9 млн. теңгені (2019 жылы 728,3) құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда ақшалай 100,6 млн. теңгеге немесе 13,8 %-ға артық, ал заттай мәрмәр ұнтағының ұны 11300 тоннаға немесе 16,6%-ға артық орындалды.
«Амангелді газ» ЖШС 217,0 (2019 жылы 210,0) млн текше метр табиғи газ және 9,5 (2019 жылы 10,2) мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 6960,3 млн тенгені (2019 жылы 7319,0) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 95,1 пайызға орындалды. Орындалмау себебі газ құнының кірісі төмендеуіне байланысты.
«Шолақтау» ЖШС 78,1 (2019 жылы 77,9) мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызға орындалды.
«Амангелді ГӨЗ» ЖШС 2,7 (2019 жылы 2,3) мың тонна газ, 7,2 (7,2) мың тонна дистялятор өндіріп, ақшалай 889,2 млн тенгені (2019 жылы 825,2) құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 107,8 пайызға орындалды.
Инвестиция бойынша:
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің болжамы 18835,1 (2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында 17130,4) млн. теңгені, былтырғы жылмен салыстырғанда 1704,7 млн. теңгеге артық орындалды немесе 110,0 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 106,7 пайыз.
Талдап айтсақ, кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша: «Амангелді ГАЗ» ЖШС –1499,4 млн тенге, «Talas Investment Company» ЖШС – 1560,0 млн тенге, «Қаратау ПРО» ЖШС – 221,8 млн.тенге, «Дэнта» ЖШС-26,0 млн.теңге, «Жамбыл Недр» ЖШС - 0 млн.тенге, «Шолақтау ТКӨК» - 620,0 млн.тенге, «Wind Power City» ЖШС – 0 млн. теңге, ПРК «Майтөбе» -220,0 млн.теңге, «Көктал» ЖШС- 315,0 млн.теңге, СПК «Талас-2020»- 295,7 млн,теңге «Wind Electricity» ЖШС – 0 млн тенге, телеком- 0 млн тенге, Құрылыс бөлімі – 623,6 млн.теңге, ИС – 8946,0 млн тенге, Тұрғын-үй бөлімі -3577,6 млн.теңге, денсаулық бөлімі – 169,3 млн тенге, облыс әкімдігінің энергетика басқармасы – 452,2 млн.теңге, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы- 0 млн тенге, облыс әкімдігінің автомобиль жолдар басқармасы- 0 млн тенге, мемлекеттік бюджет есебінен-308,5 млн.теңге құрады. Аудан халқының жан басына (54769 адам) шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 343,9 мың теңгені құрады (2019 жылы – 302,1 мың теңге, халық саны -54842).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар салымының технологиялық құрылымы бойынша талдайтын болсақ 18835,1 млн теңгенің, оның ішінде үйлер мен ғимараттарға 8407,7 млн теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал-саймандар қосқанда 9015,4 млн теңге, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарды құрағанда 1412,1 млн теңгені құрайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлес салмағы 5,5 пайызды құрайды.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар талдамасы аясында 18835,1 млн теңгенің, оның ішінде республикалық бюджет 0 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен 3949,1 млн.тенгенің, меншікті қаражат есебінен 13555,5 млн.теңге, банктердің кредиттері 1060,0 млн теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 270,4 млн.теңгені құрайды.
Қаратау қаласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 9402,7 млн тенге. Қаржыландыру көздері бойынша Республикалық бюджет 0 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен 2425,5 млн.тенгенің, меншікті қаражат есебінен 5695,6 млн.теңге, банктердің кредиттері 1060,0 млн теңге және басқа да қарыз қаражат есебінен 221,8 млн.теңгені құрайды.
Қаржыландыру көздері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына шығындар 6840,4 млн тенге, оның ішінде республикалық бюджет 742,3 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен 2402,5 млн.тенгенің, меншікті қаражат есебінен 4753,9 млн.теңге, банктердің кредиттері 0 және басқа да қарыз қаражат есебінен 0 млн.теңгені құрайды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 1848,2 млн.тенге, соның ішінде меншікті қаражат есебінен 566,5 млн.тенге, банктердің кредиттері 1060,0 млн.тенге және басқа да қарыз қаражат есебінен 221,8 млн.теңге.
Тамақ өнеркәсібін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,6 млн тенге, соның ішіндегі меншікті қаражат есебінен.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардағы шығындардың жекелеген түрлері, оның ішінде тұрғын ғимараттарда 1748,6 млн тенге, тұрғын емес ғимараттарда 2806,6 млн тенге, иммараттарда 2285,3 млн тенге, ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу 1567,2 млн тенге, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары 9015,4 млн тенге,көлік құралдары мен жабдықтар 230,3 млн теңге, ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтар 0 млн тенге, машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдарды күрделі жөндеу 0 млн тенге, өзге де шығындар 0 млн тенге.
Ауылдық жерлерде негізгі капиталға салынған инвестициялар 8816,3 млн тенге, оның ішінде ғимараттар мен имараттарды салу 2512,8 млн тенге, машиналар, жабдықтар және құрал саймандар 4891,5 млн тенге, негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлеміндегі аудандардың үлесі 4,9 пайыз.
Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 1943,8 млн тенге, бәрі меншікті қаражат, ал ауылшаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлеміндегі аудандардың үлесі 6,6 пайыз.
Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар 10750,0 млн теңгені құрайды, оның ішінде сыртқы инвестиция 186,6 млн теңге.
Материалдық емес негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша пайдалы қазбалар қорларын барлау және бағалауға салынған шығындар 1395,7 млн теңгені, материалдық емес 16,4 млн теңгені, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар 3625,0 млн теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған ішкі және сыртқы инвестицияларға келетін болсақ 18835,1 млн.теңгенің ішкі инвестицияларға 18025,5 млн.теңге(95,7 пайызы) және сыртқы инвестицияларға 806,6 млн теңге (4,3 пайызы) құрайды.
Индустриалдық–инновациялық дамудың мемлекеттік
бағдарламасы бойынша:
Индустриалды–инновациялық дамыту бағдарламасының орындалуы бойынша бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны – 374811,7 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба жоспарланып, 18211,7 млн. теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.
1) 2014 жылы бірінші бесжылдықта ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15,0 мың тонна цианид натрий шығаратын («Talas Investment Company» ЖШС) «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Жобаның жалпы құны 22,6 млрд. теңгені құрады. Зауытты қазіргі таңда 557 адам жұмыспен қамтылған. «Talas Investment Company» ЖШС-гі – Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі цианид натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Цианид натрий өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда құнды минерал тыңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады.
«Talas Investment Company» ЖШС-і 2020 жылы қаңтар-желтоқсан айларында 12550 тонна цианид натрий және 3453 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 12440,4 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының 83,7 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 56,2 пайзын құрады.
2) 2015 жылы екінші бесжылдықта ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіретін зауыт құрылысын аяқтады. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты қазіргі таңда 165 адам жұмыспен қамтылған. Шикізат көзі ретінде «Сүлейменсай» карьерінің әктасы мен «Майтөбе» топырағын пайдаланады.
«Жамбыл Недр» ЖШС-і 2020 жылы қаңтар-желтоқсан айларында цемент және клинкер өндірген жоқ. Қуаттылыққа шықпаудың себебі зауыттың құрал-жабдықтары жиі істен шығудын кесірінен немесе шикізаттың толық қамтамасыз етілмеуінен болып отыр.
3) 2016 жылы жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС-і жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт толықтай құрылысын итальяндық құрал-жабдықтарды орнату арқылы аяқтады. Зауытта 96 адам жұмыспен қамтылған. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. 2017 жылдың наурыз айында зауыттың қабылдау актісі жасалынып, кәсіпорын 23 наурызынан бастап іске қосылды.
2020 жылы қаңтар-желтоқсан айларында «Қаратау Про» ЖШС ұнтақталған мәрмәр 79139 тонна, карбонат кальций 3579 тонна, мрамор ұнтағы 14320 тонна өндіріп ақшалай 828,893 млн тенгені құрады. Өзінің толық қуаттылығының 88,2 пайызын немесе ауданның жалпы өнеркәсібінің 3,7 пайызын құрады.
4) Республикалық индустрияландыру картасына 2023 жылға енгізілген жоба «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру Химзауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіру. Жобаның құны 365,5 млрд. теңге. Жоба іске қосылғанда 2000 жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыштарға нарықта бағаның құлдырауына байланысты зауыт жобаның іске асуын 2023 жылға ауыстыруға шешім қабылдады.
5) 2020 жылға индустрияландыру картасына енгізуге жоспарланған жоба «Talas Investment Company» ЖШС. Мақсаты жылына өндіретін өнімді 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру. Жалпы инвестиция 25438,0 млн тенгені құрайды. Жаңадан ашылатын жұмыс орны 300 адам. Іске асырылатын мерзімі 2020-2022 жылдары. Картаға енгізу үшін кәсіпорынның құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-иннновациялық дамыту басқармасына жолданды.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында барлық мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асырылған жалпы жобалардың саны 137-ні құрап, қаражат сомасы 1475,4 млн. теңгені құрады. Оның ішінде, Қаратау қаласы бойынша жобалар саны 23, қаражат сомасы 549,2 млн. тг құрайды. Әр бағдарлама бойынша талдап айтсақ:
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша:
1.Пайыздық ставканы субсидиялау тетігі бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 490,3 млн. теңгенің 11 жобасына құжаттар тапсырылған. Осының 459,3 млн. теңгеге 10 жобасы іске асырылды. Олар:
1) ЖК «Амира» 2020 жылдың наурыз айында медициналық орталығына құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында 20,0 млн. теңге несие алуға «Форте Банк» АҚ арқылы оң шешім алды.
2) ЖК «Луиза» 2020 жылдың ақпан айында дүкеннің айналым қаражатын кеңейту және сауда нүктелерін жалға беру мақсатында 35,3 млн. несиеге «Форте Банк» АҚ арқылы оң шешімін алды.
3) ЖК «Луиза» 2020 жылдың шілде айында кәсіпкерлік нысанының құрылысы және жөндеу жұмыстарына 100,0 млн. несиеге «Форте Банк» АҚ арқылы оң шешімін алды. Жоба аясында тұрақты 2 жұмыс орны ашылады;
4) ЖК «Сарсалиев Алтынбек» 2020 жылдың ақпан айында ойын-сауық орталығы қызметін кеңейту мақсатында 40,0 млн. теңге несие алуға «Халық банк» АҚ арқылы оң шешімін алды.
5) ЖК «Бекбергенов Аманжол» 2020 жылдың мамыр айында түйе сатып алу үшін 10,8 млн. теңге несие алуға «Халық банк» АҚ құжаттар тапсырып, шілде айында оң шешімін алды.
6) ЖК «Бисекина Гульнар» 2020 жылдың қыркүйек айында тігін цехын ашу мақсатында 4,8 млн. теңге несие алуға «Халық банк» АҚ арқылы оң шешімін алды.
7) ЖК «Тулеугалиев Ж.У.» 2020 жылдың желтоқсан айында дүкеннің айналым қаражатын толықтыру мақсатында 5,0 млн. теңге несиеге «Банк центр кредит» АҚ арқылы оң шешімін алды.
8) «Қаратау ПРО» ЖШС 2020 жылдың тамыз айында 6 бірлік Камаз самосвалы жүк көлігін сатып алу мақсатында 174,1 млн. теңге несиеге оң шешім алды.
9) «Қаратау ПРО» ЖШС 2020 жылдың тамыз айында 6 бірлік Нефаз аударғыш тіркемесін сатып алу мақсатында 36,0 млн. теңге несиеге оң шешім алды.
10) «Қаратау ПРО» ЖШС 2020 жылдың тамыз айында 1 бірлік Камаз маркалы борттық жүк көлігін сатып алу мақсатында 34,3 млн. теңге несиеге оң шешім алды.
Сондай-ақ, ЖК «Еркиналиев Марат» мейрамханаға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 31,0 млн. теңге несие алуға «Халық банк» АҚ-на құжаттарын тапсырып, қарауында жатыр.
Бағдарлама бойынша жобалар мына банкілердің үлесінде: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 4 жоба, «Форте Банк» АҚ 3 жоба, «Банк центр кредит» АҚ 1 жоба.
3.«Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша «Talas Investment Company» ЖШС тарапынан зауыттың –өндіріс қуатын жылына 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға арттыру мақсатында инфрақұрылым жүргізуге кәсіпорын тарапынан керекті құжаттар рәсімделуде. Бүгінгі күнге, электр желілеріне, газға, ауыз суға, темір жол және техникалық суға техникалық жағдайлары арнайы мекемелерден алынып, кәсіпорын ЖСҚ-на тапсырыс берді.
Бұдан бөлек, Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты «Еламан» ШҚ-на, (жетекшісі – Адилов Ербол) электр желілерін жүргізу үшін құжаттары дайындалып, кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасына жолданды.
4.Бастаушы кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыс жасалады. Қазіргі таңда, қайтарымсыз грантқа қатысу үшін 28 үміткер ниет білдірді. Жобалардың жалпы сомасы 133,9 млн. теңге. Грант қорытындысы бойынша ауданнан 3,0 млн. теңгені құрайтын 1 жоба жеңімпаз атанды.
«Береке» несиелеу бағдарламасына қаражат екінші деңгейдегі банктерге аударылмады.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша:
Аудан бойынша жыл басында 196,0 млн. теңгенің 35 жобасын құрайтын несие алушылардың тізімі жасақталып, тиісті қаржы институттарына жолданған. Талдап айтсақ, Берікқара а/о – 8 млн. теңгеге 2 жоба, Тамды а/о – 26 млн. теңгеге 5 жоба, Қызыләуіт а/о – 33 млн.теңгеге 5 жоба, Үшарал а/о – 3 млн. теңгеге 1 жоба, Қаратау а/о – 21 млн.теңгеге 5 жоба, Ақкөл а/о – 4 млн. теңгеге 1 жоба, Аққұм а/о – 39 млн. теңгеге 4 жоба, Кеңес а/о – 32,2 млн. теңгеге 6 жоба, Бостандық а/о – 8 млн. теңгеге 2 жоба, Шәкіров а/о – 5 млн. теңгеге 1 жоба.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін ауылдық елді мекендерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 74 адам 275,8 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 15 адам 70,0 млн. теңге несие беру жоспарланған.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на Талас ауданынан 429712,0 мың теңгеге 92 өтінім (Қаратау қаласынан 11 жоба) білдірілген, оның ішінде: 393712,0 мың теңгенің 85 жобасы оң шешім (ішінде ауылдық жерлерден 321000,0 мың теңгенің 73 жобасы, Қаратау қаласынан 72712,0 мың тг. 11 жоба) алған. Ауылдық жерлерден несиеге оң шешім алған жобалардың иелерімен мал шаруашылығын дамыту бағытында барлығы 181 бас МІҚ, 2791 бас уақ мал, 251 бас жылқы малы сатып алынған.
Ал Қаратау қаласы бойынша оң шешім алған қаражаттардың несие мақсаты кәсіпкерлікті дамыту бағытында болып отыр.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның еншілес ұйымы «Әулие-ата НС» ЖШС арқылы «Еңбек» бағдарламасы қаражаты есебінен «Іскер» бағдарламасы бойынша барлығы 47400,0 мың теңгеге 11 жобасы өтінім білдіріп, несиеге қолдау тапты.
Оң шешім алған несие қаражатының есебінен жобалардың иелерімен барлығы 90 бас МІҚ, 709 бас уақ мал, 15 бас жылқы малы сатып алынған.
Осы жалпы жобалар санынан: әйел кәсіпкерлер саны – 23, жас кәсіпкерлер саны – 25.
Аталған жобалардан ауылдық округтер бойынша несие алуға үміткерлерді талдайтын болсақ:
Қаратау қаласы бойынша – 72712,0 мың теңгеге 11 жоба,
Ақкөл а/о бойынша – 19000,0 мың теңгеге 5 жоба,
Аққұм а/о бойынша – 35700,0 мың теңгеге 9 жоба
Берікқара а/о бойынша – 22400,0 мың теңгеге 7 жоба
Тамды а/о бойынша – 45500,0 мың теңгеге 12 жоба
Қызыләуіт а/о бойынша – 45400,0 мың теңгеге 11 жоба
Үшарал а/о бойынша – 8000,0 мың теңгеге 2 жоба
Кеңес а/о бойынша – 15400,0 мың теңгеге 4 жоба.
Қаратау а/о бойынша – 35300,0 мың теңгеге 7 жоба.
Шәкіров а/о бойынша – 24000,0 мың теңгеге 4 жоба.
Ойық а/о бойынша – 14200,0 мың теңгеге 4 жоба.
Бостандық а/о бойынша – 14000,0 мың теңгеге 4 жоба,
Қасқабұлақ а/о бойынша – 4000,0 мың теңгеге 1 жоба.
Екінші деңгейдегі банк арқылы бағдарлама аясында Қаратау қаласынан 8,9 млн. теңгенің 2 жобасы оң шешім алды.
1) ЖК «Байжанов Нурбол» 2020 жылдың шілде айында жүк көлігін алу мақсатында 7,0 млн. теңге;
2) ЖК «Марлен» 2020 жылдың қазан айында азық-түлік дүкенінің айналым қаражатын кеңейту мақсатында 1,9 млн. теңге.
Сондай-ақ, Екінші деңгейдегі банк арқылы Қаратау қаласы бойынша 14,0 млн. теңгенің 1 жобасы іске асырылып жатыр (қарауда).
1) ЖК «Дінислам» 2020 жылдың ақпан айында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 14,0 млн. теңге несие алуға «Халық банк» АҚ құжаттар тапсырды. Құжаттары қарауда;
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша проблемалық мәселелер:
- Ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге кредит алу мүмкіндігінің төмендігі;
- ЕДБ-дің ауданымыздың ауылдық жерлерінен кәсіпкерлер кепілдіктерін алмауы;
- ЕДБ-де жобаларды қарау мерзім 3 айға дейін созылуы;
- Мемлекеттік бағдарламада шектеу белгіленбегеніне қарамастан ЕДБ-дің мал шаруашылығы бағытындағы жобаларды қарамауы;
- Бағдарлама қаражатының жыл сайын кешігіп бөлінуі.
«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне қысқаша оқыту курсымен қамтуы 229 адамды құрады.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша:
Талас ауданынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейдегі банктерге 404800,0 мың теңгенің 11 жобасы өткізілген. Оның ішінде, Екінші деңгейлі банк арқылы 7000,0 мың теңгеге 1 жоба оң шешім алса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 347800,0 мың теңгеге 9 жоба оң шешім алып, 50000,0 мың теңгені құрайтын 1 жоба қарауда жатыр.
Талдап айтсақ: «Халық банк» АҚ арқылы Қаратау қаласынан ЖК «Байжанов Нурбол» қаңтар айында жиһаз жасау кәсібінің айналым қаражатын кеңейту мақсатында 7000,0 мың теңге несиеге оң шешімін алды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы:
Оң шешім алған жобалар: 21000,0 мың теңге жылқы алу (75 бас) үшін Тамды ауылдық округінен «Жайылма» ШҚ – төрағасы Бименов Ербол, 20000,0 мың теңге уақ мал алу (450 бас) үшін Тамды ауылдық округінен «Уақ» ШҚ – төрағасы Қыдырбеков Нурлан, 15000,0 мың теңге жылқы алу (43 бас) үшін Ақкөл ауылдық округінен «Қарғаш» ШҚ – төрағасы Каргашов Даут, 16000,0 мың теңге уақ мал алу (330 бас) үшін Ақкөл ауылдық округінен «Мэлс» ШҚ – төрағасы Жексенбаев Данияр, 16000,0 мың теңге жылқы алу (40 бас) үшін Аққұм ауылдық округінен «Кахар» ШҚ – төрағасы Джелеубаев Берикбай, 37000,0 мың теңге МІҚ алу (98 бас) үшін Бостандық ауылдық округінен «Тәжібай Алашбайұлы» ШҚ – Алашбай Марат, 24800,0 мың теңгеге жылқы алу (62 бас) үшін «Бөрібай» ШҚ, 28000,0 мың теңге ұсақ мал алу (600 бас) үшін «Жақып» ШҚ, 170000,0 мың теңгеге ауыл шаруашылық техникасын (20000,0 мың тг.) және 3000 бас уақ мал (150000,0 мың тг.) алу үшін «Табыс» ШҚ – төрағасы Байсымақ Ақжарқын.
Қарауда жатқан жобалар: 50000,0 мың теңге жылқы алу (120 бас) үшін Ойық ауылдық округінен «Шыңғысхан» ШҚ – төрағасы Мырзакулов Кали.
Оң шешім алған несие қаражатының есебінен жобалардың иелерімен барлығы 98 бас МІҚ, 4380 бас уақ мал, 220 бас жылқы малы сатып алынған.
Сонымен қатар, басқа да бағдарламалар («Сыбаға», «Агробизнес») бойынша жобаларды қаржыландыру іске асырылуда:
«Әулие – ата НС» ЖШС арқылы 129620,0 мың теңгені құрайтын 9 жоба иелері құжаттарын өткізген. Оның ішінде: 124660,0 мың теңгенің 8 жобасы оң шешімін алды (мұның ішінде 1100,0 мың теңгенің 1 жобасы көктемгі егістік жұмыстарына) 4960,0 мың теңгенің 1 жобасы АНК қарауында қарауында жатыр.
Оң шешім алған жобалар: «Сыбаға» бағдарламасымен 20000,0 мың теңге уақ мал алу (500 бас) үшін Ойық ауылдық округінен «Ерзат» ШҚ – төрайымы Байтенова Райкул, 15000,0 мың теңгеге (375 бас) уақ мал алу үшін «Байболат» ШҚ – төрағасы Мухтаров Жансеит, 39000,0 мың теңге уақ мал алу (975) «Қоқыш» ШҚ – төрағасы Битан Бағлан, 11400,0 мың теңге уақ мал (375 бас) алу үшін Бостандық ауылдық округінен «Мелисбек» ШҚ – Байгулова Аманкул, бағдарламасымен 14560,0 мың теңгеге уақ мал (375 бас) алу үшін Ойық ауылдық округінен «Нұрболат» ШҚ – Саттеров Болатхан. «Агробизнес» бағдарламасымен 7600,0 мың теңге мал (22 бас МІҚ) алу үшін Ойық ауылдық округінен «Бағдат» ШҚ – Кенжебеков Әліхан, 16000,0 мың теңге мал (37 бас МІҚ, 9 бас жылқы) алу үшін Ойық ауылдық округінен «Арман» ШҚ – Мелдебеков Уызбай. Көктемгі егіс жұмыстарын дамыту үшін Бостандық ауылдық округінен «Бірлесу» ШҚ – төрағасы Омркулов Кенжебек.
Қарауда жатқан жобалар: «Сыбаға» бағдарламасымен 4960,0 мың теңге уақ мал алу (124 бас) үшін Аққұм ауылдық округінен «Айбас» ШҚ – төрағасы Үсенов Әбілхаш.
Оң шешім алған несие қаражатының есебінен жобалардың иелерімен барлығы 59 бас МІҚ, 2600 бас уақ мал, 9 бас жылқы малы сатып алынған.
«Агротехника» бағдарламасымен 7476,0 мың теңгеге трактор «Белорусь-82» және жүк тиегіш техникасын сатып алу үшін Ойық ауылдық округінен «Бейбит» ШҚ – төрайымы Тулешова Нагима, «Мерке НС» ЖШС арқылы «Қоқыш» ШҚ – төрағасы Битан Бағлан ауыл шаруашылық техникасын (трактор) алу үшін 10500,0 мың теңге несиеге оң шешім алды.
Бұған қоса, ауданнан «ҚазАгроҚаржы» АҚ Жамбыл филиалы арқылы лизинг шартымен несиеге техника алу үшін 89198,9 мың теңгеге 10 жоба иелері құжаттарын өткізген. Оның ішінде, 65675,8 мың теңгенің 8 жобасы оң шешімін алса, 23523,1 мың теңгенің 2 жобасы ұйым қарауында жатыр.
Оң шешім алған жобалар: Бостандық ауылдық округінен «Көккөл» ШҚ 8800,0 мың теңгеге, «Жаңалық» ШҚ 11500,0 мың теңгеге, «Исақұл» ШҚ 9395,8 мың теңгеге, «Бек-Нұр» ШҚ 9310,0 мың теңге, Ойық ауылдық округінен «Мұса» ШҚ 4120,0 мың теңгеге, «Бастаубай» ШҚ 4120,0 мың теңгеге, Аққұм ауылдық округінен «Алтай» ШҚ 8480,0 мың теңгеге, Қызыләуіт ауылдық округінен «Елгелді-2» ШҚ 9950,0 мың теңгеге лизинг шартымен ауыл шаруашылық техникасына қол жеткізді.
Қарауда жатқан жобалар: Бостандық ауылдық округінен 12235,8 мың теңгеге «Бибі Фатима» ШҚ, Тамды ауылдық округінен 11287,4 мың теңгеге «Қыдырбек» ШҚ.
Бөлшек сауда тауар айналымы мен қызмет
көрсету саласы бойынша:
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек сауда тауар айналымы 2086,3,0 млн.теңгені құрап, былтырғы жылмен (2019 жылы 2021,4 млн.теңге) салыстырғанда 103,2 %-ға орындалды. Нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады.
Сауда саласы бойынша:
Аудан әкімінің қаулысымен 24 мүшеден құралған аудандық штаб құрылған. 2020 жылы 12 аудандық штаб отырыстары өткізіліп, хаттамалар негізінде тиісті тапсырмалар берілді.
Талас ауданы Қаратау қаласында 10 дәріхана тіркелген. Оның жұмыс жасап жатқаны қазіргі таңға 8 дәріхана (ЖК «Асылжан» Аккулиова Раушан, ЖК «Байжанов» Байжанов Ғалымжан, «Азамат» ЖШС Момбекова Зина, ЖК «Здоровье» Пак Александр, ЖК «ЛИ ИГ» Пак Александр, «Амир Д» ЖШС Тұрғынбаева Гүлнұр, ЖК «Али Цена» Шарипов Азиз)ал қалған 2 дәріхана жұмысын тоқтатқан. («ЖК Жапаркулов» және «Ромашка» Омаров Даулет) Ауданда 19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы IV-тоқсандағы шекті бағалармен салыстырылады. IV-тоқсандағы шекті бағамен 28 желтоқсандағы баға қорытындысын талдасақ, қымбаттаған 4 тауар, жұмыртқа (12 теңгеге, 38,9%-ға), күнбағыс майы (42 теңгеге, 9,8%-ға), құмшекер (89 теңгеге, 49,2%-ға) және қарақұмық (79 теңгеге, 26,2%-ға) қалған 15 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.
Себебі, Жамбыл облысындағы «Аса Құс» фабрикасында жұмыртқаның көтерме сауда бағасы 32,0 теңге және көтерме саудамен айналысатын фирмаларда күнбағыс майының, қарақұмық және қант өнімдерінің бағасы көтерінкі болуында.
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на 43 тонна құмшекер және ауданда дүкендерде нан бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорына наубайханаларды қамтамасыз етуге 60 тонна ұнға сұраныс жіберілді.
Бұдан бөлек, ауданымыздың жеке кәсіпкерлеріне, төмен бағамен алынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге, әсіресе құмшекер, картоп, сәбіз, ұн, күріш, жұмыртқа, қарақұмық және күнбағыс майы өнімдері туралы арнайы хат жолданған.
Алайда, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-нан ешқандай көмек болмады.
Ағымдағы жылдың 2 қарашасында аудан әкімінің орынбасары Т.Қойлыбаевтың атымен нан бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қорына наубайханаларды қамтамасыз етуге 60 тонна ұнға және 25 тонна құмшекерге сұраныс жіберілді.
Ауданда 7 наубайхана (Анель, Березка, Диана, Амир, Ләззат, Рахат және Қайсар) жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6500 бөлке нан шығарылады.
Бүгінгі күнге бірінші сұрыпты ұнның 1 кг бағасы 145 теңге аралығында болып отыр. Аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нанның орташа бөлшек сауда бағасы ағымдағы жылдың қараша айына 95 теңгеден сауда дүкендерінде сатылуда.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің тарапынан аудандағы 19 әлеуметтік азық – түлік тауарларының бағасына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасына тұрақты түрде жолдануда.
Аудан орталығы Қаратау қаласында арнайы 5 әлеуметтік дүкен бар. (Дәмді Себет, Диас, Аида, Ромашка және Томирис) Аудан әкімінің орынбасары Т.Қойлыбаевтың бастамасымен 5 әлеуметтік дүкендерге күнделікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, сауда орындарындағы бағаларға мониторинг және сауда орталықтарының басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мониторинг қорытындысы туралы ақпараттты аудандар арасында арнайы құрылған топқа (фото арқылы) күнделікті «WhatsApp» желісі арқылы жолдануда.
Арнайы 5 әлеуметтік дүкенде әлеуметтік маңызы бар бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған 0,6 кг пішінді бөлке нанның бөлшек сауда бағасы төмендегідей:
Арнайы пакеттегі (кесілген) бірінші сұрыпты бидай ұнынан жасалған нанның бөлшек сауда бағасы 100 -120 теңгеден сатылуда.
Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің тарапынан аудандағы 33 әлеуметтік азық – түлік тауарларының бағасына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасына тұрақты түрде жолданады.
Азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша
Ауданда негізгі азық-түлік емес тауарларының 53 атауы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы бағалармен салыстырылады. Аудандық статистикалық басқарманың мамандарымен бірге негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде азық-түлік емес тауарларына баға көтерілгені анықталмады. Ауданда көлік қызметінің жолақысы өткен жылмен салыстырғанда тұрақты. (2019 жылы - 700 теңге, қазіргі таңда - 700 теңге).
2019 жылдың желтоқсан айында аудан бойынша АЙ92 маркалы бензині орташа бағасы 145 теңге болса, қазіргі таңда орташа баға 150 теңгені құрап, яғни баға 4,8 %-ға көтерілген. Тұрғындарға дәрілердің бағасы қол жетімді болу үшін 140 дәрі-дәрмек түрлеріне меморандум жасалынған. Төмендегі көрсетілетін ақылы қызметтерге баға тұрақты: - Қонақ үйдің қызметінің бір номері 2500-8000 мың теңге құраса, дәмхана-мейрамханада әр адам басына қымет көрсету 2500-5000 мың теңге аралығын құрайды. Сонымен қатар, шаштараз қызметі 500-1500 теңге, монша қызметі 400-600 теңгені құрайды. Азық-түлік емес тауарларының бағаларының 53 түріне күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тұрақты түрде жолданады.
Аудандағы жанар-жағармай қоры бойынша
Ауданда жанар-жағар майдың 12 бекеті бар, оның ішінде 9 бекет жұмыс жасауда. Қаратау қаласында 2 бекет, Талапты ауылында 1 бекет жұмыс істемейді. Аудандағы жанар-жағар май бекеттеріндегі сыйымдылық: АИ92 маркалы бензині - 317 тонна, АИ80 маркалы бензині - 192 тонна, дизель отыны - 190 тоннаны құрайды. Айына орташа есеппен қажетті жанар-жағар май көлемі: АИ92 – 240,0 тонна, АИ80 - 159,0 тонна, дизель отыны - 111,0 тоннаны құрайды. Жалпы көлемі болжаммен - 510 тонна. Сатылу бағалары: АИ-92 – 148-152 теңге, дизель отыны – 172-176 теңге аралығында.
Аудандағы жанар-жағар майды тасымалдайтын оператор жеке кәсіпкер Нұргелді Жолдасов. Аудандағы дизель отынының және жанар-жағармай қорының көлеміне және бағаларына мониторинг жасалып, әр аптаның сәрсенбі күні Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-шаруашылық басқармасына тұрақты түрде жіберіледі.
Индустриалды аймақ бойынша:
Индустриялық аймақ Қаратау қаласының шығыс бетінде 3 км. ара қашықтықта, Қаратау-Тамды тас жолының бойында, Тамды ауылдық округінің жерінде орналасқан. Индустриялық аймақ құру үшін Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №299 қаулысымен 20 гектар жер учаскесі бөлініп, қосымша Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 шілдедегі №219 қаулысымен тағы 20 гектар жер учаскесі берілді және бүгінгі күнге, аймақтың жалпы жер учаскесінің ауданы 40 гектарды құрайды. Аймаққа бөлінген жер учаскесі Талас ауданы әкімдігінің «Игілік көпсалалы кәсіпорыны» коммуналдық кәсіпорнының басқаруына берілген. Индустриялық аймақтың Концепциясы жасалынған.
Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Talas Investment Company»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.
Қазіргі таңда, 40 гектар жер бойынша аграрлық сала немесе басқа да салалар бойынша жобаларды шоғырландыру көзделуде.
Сондай-ақ, Қаратау қаласының шығыс бетінде индустриялды аймақ орналасқан, нақты мекен-жайы Амангелді көшесі №38, ауданы 4,02 га құрайды. Қазіргі таңда Қаратау қалалық әкімінің аппаратының теңгерімінде.
Индустриялды аймақ құру үшін Қаратау қаласы әкімінің ағымдағы жылдын 11 қыркүйегіндегі №136 шешімімен 4,02 га тұрақты жер пайдалану бойынша құқығы берілген.
Индустриялық аймақтың жер учаскесі жазық жер, аудан орталығына жақын орналасқан, төңірегінде темір жол, автомобиль тас жолы өткен және маңында ірі кәсіпорын – «Каратау Про»ЖШС шоғырланған. Бұл кәсіпорыннан Индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту қолайлылық туғызады.
Инвестициялық жобалар бойынша:
1) Ауданда құны 1867,6 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Power city» ЖШС-не Қызыләуіт ауылдық округінен 21 гектар жер учаскесі бөлініп берілді. Жобаның жобалық сметалық құжаттары дайындалды. Жоба іске асқанда 12 жұмыс орындары ашылады. Жоба ҚР Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда «Wind Power city» ЖШС тарапынан ауданға 1142,2 млн. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, қосу жұмыстары жүргізілуде. Жоба іске асқанда 11 жұмыс орындары ашылады. Ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылады.
2) Жалпы құны 1867,6 млн. теңгені құрайтын, қуаттылығы 4,5 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатындағы «Wind Electricity» ЖШС-не аудандағы Қызыләуіт ауылдық округінен 22 га жер учаскесі бөлініп берілді. Қазіргі таңда жобаның жобалық сметалық құжаттары дайындалды. Жоба іске асқанда 10 жұмыс орындары ашылады. Жоба Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің тізіліміне енгізілген. Қазіргі таңда «Wind Electricity» ЖШС тарапынан ауданға инвестиция тарту мақсатында 2,1 млрд тенгеге контракты шетел кәсіпорынмен жасалынды. Құрылыс жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда қосу жұмыстары жүргізілуде. Жұмысқа 11 адамды құрайтын мердігер ұйым тартылды. Ағымдағы жылдың шілде айында іске қосылады.
3) Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Кәсіпкерлікті қолдау картасына «TalasInvestmentCompany» ЖШС-нің қуаттылығын 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында, зауыттың жанынан қосымша цех соғу жобасын қосу жоспарланды. Қазіргі таңда цех орналасатын жердің жер телімінің жеке меншік иесінен алу жолдары қарастыру бойынша зауыт басшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасалуда.
4) Қызыләуіт ауылдық округіне қатысты «Елеман» ШҚ жылына 500 бас мал бордақылау орнын ашу. Мақсаты қой, сиыр, жылқы және түйе етін өндіру. Инвестиция көлемі 70,0 млн тенге. Жұмыспен 13 адам қамтылады. Мал бордақылау орнына «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында электр желілерін тарту бойынша жобалық сметалық құжаттары толық жасылынды. Қазіргі таңда құжаттары «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалына жолданды. Жұмыстар жалғасын табады.
5) Жобалық құны 1829,1 млн.теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шенгелді» ЖШС-нің құрылыс басталмақ. Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылады.
6) Жобалық құны 1829,1 млн.теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Новатэкс» ЖШС-нің құрылыс басталмақ. Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылады.
7) Жобалық құны 1829,1 млн.теңге болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Шенгелді-2» ЖШС-нің құрылыс басталмақ. Қызыләуіт ауылдық округінен жер учаскесі бөлініп беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қуаты 4,5 мВт болатын 3 қондырғы орнатылып, 14 адам жұмыспен қамтылады.
Туризм саласы бойынша:
Ауданда 2020 жылға туризмді дамытудың іс-шара жоспары аудан әкімінің орынбасары С.Дадабеавпен бекітіліп, іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
2020 жылға Аудан әкімі мен Туризм басқармасы арасындағы индикаторлардың көрсеткіштері бойынша келісім парағы жасалуда.
Талас ауданы әкімінің орынбасары және Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және тәризм бөлімі бекіткен 2020 жылға аудандағы туризмді дамытуға бағытталған іс-шара жоспарына сәйкес 29 ақпанда көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды Тараз қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін, жаңадан ашылған мәдени объектілерін аралап, ескерткіштерді таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс шараға 17 бала қамтылды. Балалардың барып келуі, түскі ас, мұражайларға кіру билеттері Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бюджеті есебінен төленді.
Сондай-ақ, балалардын сапардағы қауіпсіздігін қаматамсыз ету мақсатында Талас аудандық ішкі істер бөлімі ат салысып, аталған іс шараға Талас ауданыдқ ішкі істер бөлімі, Талас ауданы әкімдігінң ішкі саясат бөлімі және «Жұлдыз» аула клубының мамандары қатысты.
Аталған іс-шара барысында балалар Тараз қаласының тарихымен танысып, «Көне Тараз» археологиялық саябағына және жаңадан бой көтерген «Шахристан» этно-мәдени орталық Тектұрмас күмбезіне, Қарахан, Дауытбек, Айша бибі, Бабажы-қатын кесенелеріне экскурсия жасады. Алдағы уақытта жастарға Талас ауданында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге эскурсиялар ұйымдастырылатын болады.
2020 жылдын 11 наурызында көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларды Тараз қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін, жаңадан ашылған мәдени объектілерін аралап, ескерткіштерді таныстыру жұмыстарын жүргізді. Іс шара аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Құзырлы органдармен жолда жүру қауіпсіздігі сақталып, іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдын маусым айында аудандағы Қара қожа мешіті мен Тамды қалашығының 3 тілдегі жол сілтемесі мен паспорты жаңартылды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдын 4 тамызында шығыс номери 1133 ауданда орналасқан «Тамды әулие» бұлағын облыстық маңызы бар туристтік нысандары қатарына қосу бойынша Жамбыл облысы туризм басқармасына ұсыныс хат жіберіліп, қазіргі таңда аталған бұлақтын QR коды дайындалуда.
Облыс әкімдігінің туризм басқармасының Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес Талас ауданындағы туризм әлеуетін көтеру мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспары әзірленді.
Аудандағы туристтік маршруттар әзірленіп аудан әкімі Б.Қазанбасовпен бекітілді.
Талас ауданы әкімдігінің
кәсіпкерлік, өнеркәсіп және
туризм бөлімінің басшысы А.Тауасаров