КІРІСТЕР бойынша түзетілген жылдық жоспар 9,1 млрд. теңге, 2026 жылдың 1 тамызына жоспары 5,2 млрд. теңге болса, оның орындалуы 5,4 млрд. теңгені құрап отыр, яғни 103,7%. Жоспар 188,5 млн теңгеге артық орындалып отыр.
ТРАНСФЕРТТЕР бойынша түзетілген жылдық жоспар 5,9 млрд. теңге, 1 тамызына жоспары 3,3 млрд теңге болса, оның түсімі 3,3 млрд теңге, яғни 100,0%.
Ағымдағы жылдың меншікті кірістер жоспары 3,1 млрд. теңге болса, 2026 жылдың 1 тамызына жоспары 1,9 млрд теңге, оның түсімі 2,1 млрд. теңгені құрап, жоспар 188,5 млн. теңгеге артық немесе 110,0 % орындалды.
ШЫҒЫСТАР бойынша 2026 жылдың 1 тамызына жоспар 5,4 млрд. теңге болса, оның орындалуы 5,3 млрд. теңге немесе 99,8% құрап отыр. Игерілмеген қаражат сомасы 11,4 млн теңгені құрайды. Оның ішінде:
Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 5586,3 мың теңге, оның ішінде:
-3295,7 мың теңге 085 028 432 ерекшелегі бойынша «Шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бағдарламасынан (Талас ауданы Қаратау қаласындағы Арбатас көшесінің автомобиль жолын қайта жаңарту) жобасының «түзету» жұмыстары уақытылы аяқталмауына байланысты.
-2093,0 мың теңге 022 015 432 ерекшелегі бойынша «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша (Аудандық маңызы бар «Ерназар-Қойгелді» 11,7 шақырым автомобиль жолын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу) 2025 жылдан өтпелі жобасы бойынша келісім шарт жасауға қаражат жетіспеуінен (ҚҚС өсуіне байланысты) игерілмей қалған.
Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бойынша 3,6 млн теңге. Оның ішінде 3,0 млн теңге 006 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу» бағдарламасы бойынша мердгердің құжаттарының толық болмауына байланысты игерілменген.
ЖАЛПЫ АУДАН БЮДЖЕТІНЕН барлығы 2,1 млн теңге – әр түрлі себептермен әр ерекшеліктерден жинақталған қаражат (қаражаттардың нақты ұсынылған төлем-шоттарға сәйкес аударылатындығынан және дөңгелектеудің әсерінен игерілмеген қаражат).
Ауылдық округтер жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері бойынша барлығы 697,6 мың теңге әр түрлі себептермен әр ерекшеліктерден жинақталған қаражат (мемлекеттік сатып алу рәсімдері бойынша, келісім-шарттардың рәсімделмеуінен, қаражаттардың нақты ұсынылған төлем-шоттарға сәйкес аударылатындығынан және дөңгелектеудің әсерінен игерілмеген қаражат).