Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы бюджетінің 2026 жылдың 01шілде айына орындалуы туралы  

 

 

КІРІСТЕР бойынша түзетілген жылдық жоспар 9,1 млрд. теңге, қаңтар-маусым айының жоспары 3,9 млрд. теңге болса, 2026 жылдың 1 шілде айына оның орындалуы 4,3 млрд. теңгені құрап отыр, яғни 108,0%. Жоспар 315,2 млн теңгеге артық орындалып отыр.

ТРАНСФЕРТТЕР бойынша түзетілген жылдық жоспар 5,9 млрд. теңге, қаңтар-маусым айының жоспары 2,5 млрд теңге болса, оның түсімі 2,5 млрд теңге, яғни 98,6%. 34,5 млн. теңге облыстық бюджеттен түспеген трансферт қаражаты.

Ағымдағы жылдың меншікті кірістер жоспары 3,1 млрд. теңге болса, 2026 жылдың қаңтар-маусым айының жоспары 1,4 млрд теңге, оның 2026 жылғы 1 шілдеге түсімі  1,9 млрд. теңгені құрап, жоспар 411,9 млн.  теңгеге артық немесе 128,5 % орындалды.

ШЫҒЫСТАР бойынша жоспар 4,8 млрд. теңге болса, 2026 жылдың 1 шілдеге оның орындалуы 4,8 млрд. теңге немесе 99,9% құрап отыр.   Игерілмеген қаражат сомасы 4,6 млн  теңгені құрайды. Оның ішінде:      

         Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Талас" футбол клубы 1 млн. 922,2 мың теңге «Қаршыға» Алматы қаласының командасы 2 лига арасындағы біріншіліктен қатыспай шығып кетуіне байланысты жоспарланған іс сапар, іс-шара шығынынан үнемделген қаражат.

         Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі 001-015-159 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 689,0 мың теңге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімі тіркеу жұмыстарын толыққанды жүргізбеуі себебінен қаражат игерілмеді; 

Қаратау ауылдық округі 014-029 Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру бағдарламасынан 1,0 млн теңге мердігердің жұмысты толық аяқтамауына  байланысты игерілмеді.

С.Шәкіров ауылдық округі 001-015-159 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтербағдарламасы бойынша 614,1 мың теңге мердігердің жұмысты орындау туралы актінің кестеге сай әкелмеуі себебінен игерілмеді.

Барлық қалған бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің берген ақпараты бойынша 396,3 мың теңге жоспардан үнемделген қаражат.                                

 

 

Дата публикации
15 июля 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы