Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы бойынша 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы

 

КІРІСТЕР бойынша жоспар 14,3 млрд теңге болса, 2026 жылдың 1 қаңтар айына оның орындалуы 14,4 млрд теңгені немесе 100,9% құрады.

2025 жылдың меншікті кірістер жоспары 2,5 млрд  теңге болса, орындалуы 2,7 млрд  теңгені құрап, жоспар 133,2 млн теңгеге артық немесе 105,3% орындалды.

ТРАНСФЕРТТЕР бойынша түзетілген жылдық жоспар 11,7 млрд  теңге болса, 2026 жылдың 1 қаңтар айына оның орындалуы 11,7 млрд теңге немесе 100% құрады.

ШЫҒЫСТАР бойынша жоспар 14,6 млрд теңге болса, 2025 жылдың қорытындысымен оның орындалуы 14,5 млрд теңге немесе 99,7% құрады. Игерілмеген қаржы сомасы 37,3 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде:

  1. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бойынша 32,1 млн теңге; оның ішінде:

12,8 млн теңгесі Республикалық бюджеттен және облыстық кредиттер есебінен берілген қаражаттардан үнемделген қаражат,

ал 19,4 млн теңгесі игерілмегені, оның ішінде:

- 3,4 млн теңге - аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бағдарламасынан жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат. Елді мекендердің оңтайландырылған бас жоспарларының сызбаларын, егжей-тегжейлі жоспарларын мен топографиялық түсірілімдерін түсіру жұмыстарын атқарылмауына байланысты мердігер сотқа берілген.

16,0 млн теңге облыстық бюджеттен «Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасына бөлінген қаражат мердігердің «Construction Group «SAMRUK»» ЖШС-ның тарапынан су құбыры желісінің құрылысын салу барысында жобалық сметалық құжаттарда қаралған жұмыстар толық атқарылмай, мердігер сотқа берілген.

  1. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бойынша 3,5 млн теңге;

1,9 млн теңге мердігердің кінәсінен игерілмеген;

ал 1,6 млн теңгесі үнемделген қаражат, оның ішінде;

-522,1 мың теңге 062-028 «Ауыл-Ел бесігі жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша ісшараларды іске асыру» бағдарламасы Шәкіров ауылындағы Д.Қонаев көшесінің жол жабынын және С.Шәкіров-1, С.Шәкіров-2 көшесінің бұрылыстарын орташа жөндеу және Аққум ауылындағы С.Сейфуллин, Тоқтықожаұлы, Т.Рысқұлов бұрылыстарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша үнемделген қаражат;

        -558,6 мың теңге кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту бойынша шару қожалықтарын жарықтандырудан үнемделген қаражат;

        -500,3 мың теңге 058-015 елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша үнемделген қаражат.

ЖАЛПЫ АУДАН БЮДЖЕТІНЕН барлығы 1,7 млн теңге – әр түрлі себептермен әр ерекшеліктерден жинақталған үнемделген қаражат (дөңгелектеудің әсерінен игерілмеген қаражат).

Ауылдық округтер жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері бойынша барлығы 40,0 мың теңге үнемделген.

 

 

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
15 июля 2026
Дата обновления
15 июля 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы