Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылы 5 бақылау іс-шаралары (Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі; Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі; Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты; Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі; Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі;) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 148 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 1 (Аудан әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Д.Нұрмаханға – «ескерту» түріндегі жаза қолданылды).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 26 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Талас ауданы әкімі аппараты тарапынан 2025 жылы (Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі; Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі; Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі) КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, ЭЦҚ-ны пайдалану мәселесінің 33 дерегі, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың -18 дерегі, ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап ету – 36 дерегі, артық құжаттарды талап ету – 12 дерегі анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу бойынша 11 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.
Сонымен қатар, есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 417 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы.
2025 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.
2025 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 733 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала және ауылдық округтер бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық басылымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2025 жылы ЖАО-ның 18 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Атап айтқанда:
қызмет сапасын бақылау бөлімшесі – 1 қызметкер;