Меню

Страницы

Статья

Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылдың  IVтоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында

2025 жылдың  IVтоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы

 

І.   Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген)
37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың IV тоқсанында 1 бақылау іс-шарасы (Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі) жүргізілді.

Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 1 заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда:

  • мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру нысандарының үлгілері болмауы (ақпараттық тақтайша) 1 дерегі анықталды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 4 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.

Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.

ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Талас ауданы әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, жұмыс кестесін сақтамау бойынша 3 бұзушылықтың орын алғаны анықталды.

Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.

2025 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.

2025 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 190 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала және ауылдық округтер бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық басылымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың IV тоқсанында ЖАО-ның 4 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Атап айтқанда:

  • Аудан әкімдігінің сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі – 1 қызметкер;
  • Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер;
  • Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты – 1 қызметкер;

 

 

 

                                                                                                                               

Дата публикации
27 января 2026
Дата обновления
27 января 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы