Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2025 жылдың III тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың ІII тоқсанында 1 бақылау іс-шарасы (Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 4 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 4 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Талас ауданы әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалану 22 бұзушылықтың орын алғаны анықталды.
Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.
2025 жылдың Ш тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.
2025 жылдың Ш тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 190 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала және ауылдық округтер бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық басылымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың Ш тоқсанында ЖАО-ның 5 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Атап айтқанда:
қызмет сапасын бақылау бөлімшесі – 1 қызметкер;