2025 жылғы 12 қазанда өткен Жамбыл облысы Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 12 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Кеңес ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 578 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 409 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Кеңес ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Абдрахман Әділет Ерланұлы үшін сайлаушылардың 23 дауысы берілді,
Егеубаев Дархан Нарботаевич үшін сайлаушылардың 29 дауысы берілді.
Роман Әділет Талғатұлы үшін сайлаушылардың 326 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 17.
Сайлау қорытындыларымен: Кеңес ауылдық округінің әкімі болып Роман Әділет Талғатұлы сайланды. 1992 жылы туған, Талас ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны.
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы