Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 16 қарашаға Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 16 қарашаға тағайындалған Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Talas tynysy» газетінде жариялансын.
Төраға Е. Мамадияров
Хатшы С. Қуанышбаев
Қаратау қаласы,
08 қазан 2025 жыл
№12