КСРО құрама командасының сапында өнер көрсетіп, 1988 жылы Сеул қаласында өткен олимпиада ойындарының жеңімпазы болған, Қаратау футболының түлегі Евгений Яровенконың жүлдесін сарапқа салған футболдан дәстүрлі республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Шара барысында сөз алған Евгений Викторович балғын аяқдоп шеберлеріне өзінің жүріп өткен спорттық жолы туралы қысқаша баяндады.
Турнирде Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарымен бірге «FC Lion» «Алатау» командаларымен бірге Байзақ ауданы мен жерлестеріміз №32 БЖСМ спортшылары бас жүлдені сарапқа салды.
Тартысты өткен ойындар қорытындысында бас жүлдені Түркістан облысының командасы еншілесе, 2-ші орынға байзақтықтар көтерілді, ал 3-ші орын ақтөбелік аяқдопшыларға бұйырды.