Меню

Страницы

Статья

ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

 

18 шілдеде  «Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексіне» Мемлекет басшысы қол қойды.

Жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер – тек салық ставкаларын өзгерту емес, барлық салық жүйесінің қайта құрылуы. Азаматтар  мен бизнес субъектілері үшін есептіліктің жеңілдеуі мен салықтық жеңілдіктер – үлкен  мүмкіндік. Сонымен  бірге,  экономикалық  өсім  мен әлеуметтік әділдікке бағытталған бұл   шаралар   халықтың  тұрмысы  мен  мемлекеттің  қаржылық  мүмкіншіліктерін нығайтады.

Салық Кодексінің негізгі бағыттарын түсіндіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы  Қаржы  Министрлігі  Мемлекеттік  кірістер  комитеті, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік  кірістер  департаменті  өкілдерімен  бірлескен  шарасы   Талас   ауданында   да болып өтті.

Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде өткен жиынға 150 ден астам жергілікті тұрғындар, жеке кәсіпкерлер, мекеме өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Сала мамандары жаңа Салық кодексіндегі сараланған салық ставкалардың енгізілуі, қосымша құн салығының реформалануы, "Сән-салтанат салығының" енгізілуі, арнайы салық режимдерінің өзгеруі, салық жеңілдіктерін алудың ашық және нақты ережелерінің әзірленуі, салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың қарастырылуы, сервистік модельге көшу жүргізілетіндігі және салық есептілігінің нысандары 30% - ға қысқаруы бойынша ең негізгі өзгерістер жайында түсіндірді.

Дата публикации
23 сентября 2025
Дата обновления
23 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

09 октября 2026
ТОО «Разведка и добыча QazaqGaz» «Проект разработки месторождения Амангельды»
09 октября 2026
2026 жыл «Дипломен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну үшін қажетті мамандардың тізбесі.
29 сентября 2026
Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы IV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы