Республика деңгейінде өтіп жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың ортақ борышы екенін атап өтті.
Аталған сенбілікке қалада орналасқан мемлекеттік органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлер і белсене қатысты.