Өткен сенбі күні орталық стадионда кіші футболдан ардагерлер арасында аудан әкімінің кубогы жолындағы жарыс жалауын көтерді.
Доп додасына Қаратау қаласы мен ауылдық округтердің командалары қатысып, өз шеберліктерін байқатты.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков жиналғандарға игі тілегін арнай келе:-Мұндағы басты мақсат салауатты өмір салтын ұстануға, қалыптастыруға ықпал ету.
Спортты жанына серік еткен ардагерлер кейінгі өскелең ұрпаққа осы бағытта үлгі-өнеге көрсетеді. Олардың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Бұл ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі, -деп командаларға сәттілік тіледі.
Турнир қыркүйек -желтоқсан айларында әр сенбі сайын өткізіліп тұрады.