Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2025 жылдың II тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың ІI тоқсанында 2 бақылау іс-шаралары (Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі,Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 127 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 12 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Талас ауданы әкімі аппараты тарапынан ағымдағы жылдың қараша айында «Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-не мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, жұмыс кестесін сақтамау бойынша 15 бұзушылықтың орын алғаны анықталды..
Бұдан бөлек, ЖАО-лар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау негізінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесінің
(«E-otinish» ақпараттық жүйесі) көмегімен жүйелі негізде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, оның ішінде «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау үшін талдау жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде.
2025 жылдың ІI тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.
2025 жылдың ІI тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 160 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен қала және ауылдық округтер бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде, аудандық басылымда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2025 жылдың ІI тоқсанында ЖАО-ның 4 қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Атап айтқанда: