Меню

Страницы

Статья

Бос тұрған Талас ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-таза су» көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры лауазымына конкурс жариялау туралы

 

 

Талас ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы                  «Талас-таза су» көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры                         (1 бірлік) лауазымына конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпан «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығының негізінде өткізіледі.                                                        

Кәсіпорын атауы: Талас ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-таза су» көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Орналасқан жері: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы , А.Шейн көшесі №47 ғимаратты.

          Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты:

  • ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, жеке азаматтарға су құбырларын және канализация желілерін пайдалануда техникалық қызмет көрсету;
  • механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
  • суды тазарту /су тазарту жүйелері/ су қабылдағыш және ұқсас жабдықтарға техникалық қызмет көрсету;
  • ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге жылу энергиясын беру;
  • дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіру;
  • жылу желілерінің жылу энергиясын өндіру;
  • ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге және тұрғындарға түрлі тұрғын үй-коммуналдық қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, экономика немесе құқық саласындағы білімі жоғары, басшылық лауазымда қызмет өтілі 5 жылдан кем емес болуы.

Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Азаматтық кодексін (жалпы және Ерекше бөлімдері), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру аудандық «Талас тынысы» газетінде жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қаратау қаласы, А.Шейн көшесі №47 ғимараттың (4 қабат ) «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі. Тел : 8 (72644) 4-01-13.

 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б) бере алады.

Конкурстың өтетін күні: 11.06.2025 жыл.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы , А.Шейн көшесі №47 (4 қабат ).

Дата публикации
02 июня 2025
Дата обновления
02 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы