Меню

Страницы

Статья

Талас ауданы Қаратау қаласының бірқатар көшелерін қайта атау бойынша тұрғындар мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының №1 хаттамасы

 

Талас ауданы Қаратау қаласының бірқатар көшелерін қайта атау бойынша тұрғындар мен жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№1 хаттамасы

 

 

Қаратау қаласы                                                                                    03.03.2025 жыл

 

Сағат:15:00 (Железнодорожная көшесі, Железнодорожная бұрылысы).

          16:30 (Фабричная көшесі).

 

                                                                      Жиналыс төрағасы: Қаратау қаласы             

                                                   әкімінің м.а. - Р.Өмірәлиев                     

 Жиналыс хатшысы: Қаратау қаласы                              

 әкімі аппаратының бас маманы -

 Е.Пәрмеш

 

Жиналысқа қатысқандар:

  1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны - 22 адам;
  2. Көше тұрғындарының саны – 42 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Талас ауданы Қаратау қаласының мағынасы ескірген бірқатар көшелерін қайта атау туралы.

 

Тыңдалды: Қаратау қаласы әкімінің м.а. Р.Өміралиев.

- Бүгінгі күні жиналысқа Железнодорожная, Железнодорожная бұрылысы, Фабричная көшелерінен 42 тұрғын,  22 жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысып отыр.

         Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Е.Жүнісбайдың 2024 жылғы 30 қазан күнгі                №1371 хатына сәйкес, ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігімен бірлесіп, қоғамда қайшы пікір тудырмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жол картасы негізінде мағынасы ескірген көшелердің атауын өзгерту бойынша тапсырма түскен болатын.

Қазақстан  Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің 14.03.2018 жылғы №13-04-19/621-И хатында обьектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген тарихи тұлғалар, тарихи жер-су атаулары және дәстүрлі атаулар тізбесін басшылыққа алу жөнінде тапсырма берілген.

 

 

2

Өздеріңізге белгілі, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығын басшылыққа ала отырып және Сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып көше атаулары өзгертіледі.

         Өңірдегі ұлттық онамастикалық бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріле отырып берілуі тиіс.

Сөйлегендер:  М.Достаев,  М.Әбдібек,  Қ.Елшибеков,  Ж.Шарипбекова - Железнодорожная және Железнодорожная бұрылысы көшесінің тұрғындары.                -  Көше атауының өзгертілгені дұрыс деп ойлаймыз. Қазіргі атауы ескірген және ешқандай мағынасы жоқ деп түсінеміз.

Сөйлегендер: М.Момбеков, Д.Абдуллаев, С.Тапелов – Фабричная көшесінің тұрғындары.

  • Осы   уақытқа  дейін  қаламыздағы  кейбір  көше  атаулары  мағынасы

қазіргі заманға сай емес атаулармен аталып келеді. Мағынасы ескірген көше атауын кезінде осы көшенің тұрғыны болған ақын-жазушы Нарша Қашағанұлының атымен атауын жөн көреміз. Біз түсіп отырған ұсынысты қолдаймыз.

Сөйлегендер: С.Әбсадықов, К.Калжанов, Д.Молдақұлов – жергілікті қоғамдастық мүшелері.

- Біздің айтарымыз көше атауын өзгертуге байланысты ашып отырған жиналысыңыз орынды. Бұлар өте дұрыс ұсыныс, бүгінгі күннің талабына сай үлкен мәселе деп есептейміз.

Қаратау қаласы әкімінің м.а. Р.Өміралиев:

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы»  ҚР-ның 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау, өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып тиісті аумақ халқының пікірін ескерту мақсатында ашық дауысқа салады.

         Қолдаған адамдар саны – 42.

         Қала әкімінің орынбасары дауыс беру қорытындысы бойынша Железнодорожная көшесін – Ырысты көшесі, Железнодорожная бұрылысы – Ырысты бұрылысы және Фабричная көшесін – Нарша Қашағанұлы көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

3

 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:

 

  1. Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан Железнодорожная көшесі – Ырысты көшесі, Железнодорожная бұрылысы – Ырысты бұрылысы және Фабричная көшесі – Нарша Қашағанұлы көшесі деп қайта аталсын;
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескертудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыс әкімдігі жанындағы онамастика комиссиясы қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы:  __________________  Р.Өміралиев

 

 

Жиналыс хатшысы: ----------------------------- Е.Пәрмеш

Дата публикации
07 марта 2025
Дата обновления
07 марта 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы