«2025-2029 жылдарға арналған Талас ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы»
Талас аудандық мәслихат шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
р/с № |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы. |
«Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
2025-2029 жылдарға арналған Талас ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар (бұдан әрі – Жоспар) 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі-Жоспар) сәйкес әзірленді – «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №89660 болып тіркелген). |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді. |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
Қабылданған шешім жобасы теріс, әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкелмейді. |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері. |
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қолданылады. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер. |
Жоқ |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы. |
Жоқ |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
НҚА жобасы ашық интернет порталында 12.12.2024 ж. орналастырылған |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
НҚА жобасы Талас ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылған |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі. |
Сәйкес келеді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері. |
Жоқ |
«Талас ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі»
КММ-нің басшысы Ә. Төсбай