Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2024 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
бекітілген Тізілімге сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда
97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
ЖАО ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппаратына ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді (2 нысан).
Нәтижесінде бақылаумен анықталған бұзушылықтардың саны – 2, атап айтқанда: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 2 фактісі анықталды.
2024 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 647 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 47 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан 135 486 адамды қамтыған 213 іс-шаралар өткізді.
2024 жылғы 23 қаңтардағы №6, 20 ақпандағы №14, 29 наурыздағы №22 аудандық «TALAS tynysy» газетінің басылымында «Мемлекеттік қызмет көрсету – әлеуметтік-экономикалық дамудың негізі», «Мемлекеттік қызмет қолжетімді» және «Электронды үкімет» порталы арқылы электрондық қызмет көрсету тәртібі мен жұмыс жасау дағдылары» атты мақалалар және бөлімдер мен ауылдық округтердің әлеуметтік желілерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жарияланды.
2024 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 5 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.