Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
бекітілген Тізілімге сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда
97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
2024 жылдың ІІ тоқсанында аудан әкімінің өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес есепті мерзімде Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі мен Талас ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің аппаратына ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді (2 нысан).
Нәтижесінде бақылаумен анықталған бұзушылықтардың саны – 2, атап айтқанда: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 1 және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процессін) бұзудың 1 фактісі анықталды.
2024 жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 1 167 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 152 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.
2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдерін бұзу фактісі орын алмаған.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан 142 085 адамды қамтыған 226 іс-шаралар өткізді.
2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласында жалпы 12 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, Талас ауданының жергілікті атқарушы органдарының әлеуметтік желілерінде 168 пост жарияланды.
2024 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 3 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.