Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады. Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары

Хабарлама

 

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады.

Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы

және жинақтау жоспары

 

2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру.

 

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.

 

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 20 қыркүйек күні сағат  10-00, 12-00, 15-00 өтеді   .

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

          Сізден сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз

2024 жылдың 20  қыркүйегінде   сағат  10-00 сілтеме:

сілтемеге тіркелу:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r20c29b7e7b32c64727e0f6231d7e46a9

event -мәжіліс нөмірі 2512 696 9264

event-мәжіліс паролі: 00000

 

2024 жылдың 20  қыркүйегінде   сағат  12-00 сілтеме:

сілтемеге тіркелу:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r21fa2b5d9d49b6de3f672d702dd81e5c

event -мәжіліс нөмірі 2513 752 3502

event-мәжіліс паролі: 00000

2024 жылдың 20  қыркүйегінде   сағат  15-00 сілтеме:

сілтемеге тіркелу:
https://enpf.webex.com/weblink/register/r910db4ca8f5cc363e328c5113b2fcece

event -мәжіліс нөмірі 2512 634 1359

event-мәжіліс паролі: 00000

         

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

 

 

 

Дата публикации
17 сентября 2024
Дата обновления
17 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!
21 октября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
21 октября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы