Талас аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы
ХАБАРЛАМА
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы, Талас аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Талас аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Қаратау қаласы,Д.Қонаев көшесі,19.
Телефон:8(72644)6-10-00
Комиссия төрағасы – Мамадияров Ерик Камбарович;
Төрағаның орынбасары – Татимбетова Гульмира Лесхановна;
Хатшысы – Қуанышбаев Серік Бақдәулетұлы;
Комиссия мүшелері: Курманбаев Азамат Шахимович;
Сиқымбай Сандуғаш Нұржанқызы;
Алжапбарова Аян Ерболсыновна;
Өміралиев Руслан Залұлы;
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Талас аудандық аумақтық референдум комиссиясы