Бүгін 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жұмыстары бойынша Талас аудандық референдум комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық референдум комиссиясының төрағасы Е.Мамадияров республикалық референдумға дайындық жұмыстарын пысықтады.
Жиын барысында комиссия хатшысы С.Қуанышбаев республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын таныстырып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Комиссия төрағасының орынбасары Г.Татимбетова “Республикалық референдум туралы” Конституциялық заңға енген өзгерістер туралы және референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөнінде баяндады.